Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы шешендік өнерден семинар-тренингке шақырады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы шешендік өнерден семинар-тренингке шақырады.

 

Біздің семинар-тренингтен, сіздер:

1)                    сөйлейтін сөзіңізді сауатты құруды;

2)                    өз ойыңызды нақты, әрі анық жеткізуді;

3)                    сендіре, көркем сөйлеуге, сұхбаттасыңа әсер етуді;

4)                    пікірталас жүргізуді және сөзжарыста жеңіске жету жолдарын;

5)                    импровизациялау және бөгде адамдармен қысылып-қымтырылмай кеңес жүргізуді;

6)                    өз сезіміңді, дауыс ырғағыңды, ден бітіміңді басқаруды үйренесіз.

 

Сонымен бірге оқу барысында, Сіз есте сақтау қабілетін қалай дамытуды, презентация мен жарнама жасауды, НЛБ және имиджеология негіздерін меңгересіз.

 

Шешендік өнерден семинар-тренингті жоғары білімді мамандар, оқу құралдарының авторлары, шешен-лекторлар және тәжірибешілер жүргізеді.

 

Шешендік өнерден семинар-тренинг қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

 

Семинар-тренингті өткізерде басшылыққа алатынымыз:

1)                    аудиторияның қызығушылығы (кәсіби, жеке)

2)                    аудиторияның жас ерекшелігі

 

Біздің бағамыз сіздерді таң қалдырады. Олар нарық және әртүрлі агенсттіктер мен компаниялар ұсынатын бағалардан мүлдем төмен.

 

Ұйымдар мен фирмалардан ұсыныстар қабылдаймыз.

 

Семинар-тренинг туралы толық мәліметті мына мекен-жай бойынша алуға болады: 050400, Алматы қаласы, Аль-Фараби даңғылы, филология және әлем тілдері факультеті, қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы, (323, 325 каб.); телефондар: +7 (727) 3773339 (ішкі. 1328, 1330), e-mail: teorialit@list.ru, maryama70@mail.ru

Басылым күні :  11.02.2016