Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы «Әдеби және ш ешендік шеберлік негіздері» атты жазғы мектепке қабылдау жүріп жатқанын хабарлайды.

Алматыдағы Халықаралық жазғы мектеп

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы «Әдеби және шешендік шеберлік негіздері» атты жазғы мектепке қабылдау жүріп жатқанын хабарлайды.

 

Жазғы мектеп құрамына 5 шеберлік кіреді:

 

1)     Жазушы шеберханасы: отандық және шетел әдебиеті классиктерінің шығармашылық лабораториясының құпиясы; көркем шығарманы жазу өнері мен негізгі баспалдақтары.

 

2) Тревел-әдебиет: жол сапар очерктерін, травелогтар, шытырман романдар жазу өнері.

 

3) Сын шеберханасы: әдеби-сын мақалар, рецензия жазу өнері, әртүрлі көркем әдебиет және өнер шығармаларына шолу.

 

4) Шешен және айтыскер шеберханасы: көпшілік алдында сөйлеу өнері, айтыскерлік шеберлік, қарым-қатынас мәдениеті және өзін ұстау, шешен беделі, қарым-қатынас психологиясы және НЛП негізі; түйіндеме құрастыру өнері.

 

5) Таңғажайып шеберханасы: тілектердің орындалу технологиясы, қойылған мақсаттарға жету өнері, тайм-менеджмент негізі, ертегітерапия.

 

Мерзімі және өтілу шарты: 2016 жыл

Сабақты мемлекеттік және шетелдік жетекші ғалымдар, жазушылар, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының оқытушылары жүргізеді.

Жазғы мектеп бағдарламасында дәрістер, практикалық сабақтар, жобалармен жұмыс, өз бетімен жұмыс қамтылған.

Жазғы мектеп шеңберінде дөңгелек үстелдер, поэзиялық кештер, пікірталас, шеберхана жұмысының ашылу салтанаты; ғылыми институттарға, мұражайларға, кітапханаларға, Алматы қаласы мен оның маңайына экскурсиялар ұйымдастырылады.

Жазғы мектепті аяқтаған соң сертификат беріледі.

Оқу тілі: қазақ, орыс.

 

Оқу бағасы: Өтілетін уақыты мен бағдарлама бағасы туралы ақпаратты сіздер телефон немесе e-mail-ге сұрақ қою арқылы ала аласыздар.

 

Тұрақ-жай және тамақтану: Жазғы мектепке қатысушылар ҚазҰУ қалашығында тұрады және университеттің барлық қорларын пайдалана алады: кітапхана, спортзал, асхана, Интернет.

 

Жазғы мектеп туралы толық мәліметті төмендегі мекен-жай бойынша алуға болады: 050040, Алматы қаласыӘл-Фараби даңғылы, 71, филология және әлем тілдері факультеті, қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы (323, 325 каб.); телефондар: +7 (727) 3773339 (ішкі. 1328, 1330), e-mail: teorialit@list.ru, maryama70@mail.ru 

Басылым күні :  07.12.2015