Кафедраның тарихы

Қылмыстық құқық кафедрасы 1940 жылы Алматы Мемлекеттік заң институты құрылған сәттен бастап өз функциясын атқаруда, ал 1955 жылдан бастап С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университеттің заң факультетінің құрамына кірген болатын. Кафедраны түрлі кезеңдерде кафедра меңгерушілері басқарған болатын: Булатов С.Я. (1941-1965 жж.), Маркелов В.Н. (1965-1976 жж.), Поленов Г.Ф. (1976-1991 жж.), Қайыржанов Е.И. (1991-1993 жж.), Баймурзин Г.И. (1993-1999 жж.), Ағыбаев А.Н. (1999-2008 жж.), 2008 жылдың кыркүйек айынан бастап – з.ғ.д., профессор Джансараева Р.Е.

2008 жылдан бастап қылмыстық құқық және криминология кафедрасын заң ғылымдарының докторы, профессор Джансараева Рима Еренатқызы меңгеріп келеді.

Джансараева Р.Е. 1984 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың заң факультетін үздік нәтижесімен аяқтаған болатын, 1990 жылы аспирантураның күндізгі бөлімін тәмамдап «Уголовная ответственность за получение незаконного вознаграждения от граждан за выполнение работ, связанных с обслуживанием населения» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғаған болатын. Осы кафедрада қарапайым оқытушыдан бастап, профессорлық қызметке дейін еңбек еткен.

2007 жылы ақпан айында Ресей Федерациясының профессоры, ғылымның еңбек қызметкері А.С. Михлиннің ғылыми жетекшілігімен РФ ІІМ зерттеу институтында докторлық диссертациясын қорғаған болатын. Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Проблемы борьбы с преступностью в исправительных учреждениях».

2011 жылы ҚазҰУ заң факультетінің қылмыстық құқық және криминология кафедрасы қылмыстық іс жүргізу және сот билігі мен криминалистика және сот сараптамасы кафедраларымен бірігіп, қазіргі таңда жұмыс ұйымы «Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы» деп аталып келеді.