Факультет жетістіктері

Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласын дамытуға елеулі үлес қоса отырып, өркендеу жолында атқарған абыройлы еңбегі мен адал қызметі үшін профессор Бошкаев К.А. ҚР Ғылым және Жоғары Білім Министрінің ҚҰРМЕТ Грамотасымен марапатталды.
   
Алматы қаласында атаулы сыйлықтардың, үздік ғылыми қызметкер сыйлықтарының және 2022 жылғы мемлекеттік ғылыми стипендиялардың иегерлерін марапаттау рәсімінде Қатты дене физикасы және Бейсызық физика кафедрасының профессор м.а. Ибраимов М.К. ғылым саласындағы  Д. А. Қонаев атындағы сыйақымен  марапатталды. 
   
  Алматы қаласында атаулы сыйлықтардың, үздік ғылыми қызметкер сыйлықтарының және 2022 жылғы мемлекеттік ғылыми стипендиялардың иегерлерін марапаттау рәсімінде Қатты дене физикасы және Бейсызық физика кафедрасының доценті Хохлов С.А.  ғылым саласындағы  Д. А. Қонаев атындағы сыйақымен  марапатталды. 
   
  Алматы қаласында атаулы сыйлықтардың, үздік ғылыми қызметкер сыйлықтарының және 2022 жылғы мемлекеттік ғылыми стипендиялардың иегерлерін марапаттау рәсімінде Қатты дене физикасы және Бейсызық физика кафедрасының аға оқытушысы Курманов Ерғали Бержигитұлы  ғылым саласындағы  мемлекеттік стипендиямен марапатталды.
   
  Алматы қаласында атаулы сыйлықтардың, үздік ғылыми қызметкер сыйлықтарының және 2022 жылғы мемлекеттік ғылыми стипендиялардың иегерлерін марапаттау рәсімінде Қатты дене физикасы және Бейсызық физика кафедрасының аға оқытушысы Құттыбай Нұржігіт Бақытұлы ғылым саласындағы  мемлекеттік     стипендиямен марапатталды.
   
Жаратылыстану ғылымдары саласындағы жоғары жетістіктері үшін профессор К.А. Бошкаев жетекші ғылыми қызметкер-2022"республикалық байқауының жеңімпазы атанды.
   

Әлемдік ғылым мен техниканың дамуына елеулі үлес қосқаны үшін және отандық ғылымды дамыту стратегиясын іске асырғаны үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Әбішев Медеу Ержанұлы 2022 жылғы «Үздік ғылыми қызметкер» байқауының жеңімпазы.

 

   
Жаратылыстану ғылымдары саласында жоғары жетістіктері үшін профессор Бошкаев К.А. "Үздік ғылыми қызметкер-2021"-  республикалық байқауының жеңімпазы атанды.
   
       

Жылу физикасы және техникалық физика кафедрасының профессор м.а. Алдияров Абдурахман Уалиевич «ЖОО-ның үздік оқытушысы 2021» атағын иеленді.

   
   

Жылу физикасы және техникалық физика кафедрасының  доценті Алимжанова Мереке Бауржановна «ЖОО-ның үздік оқытушысы 2021» атағын иеленді.

   

Плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының профессоры Ғабдуллин Маратбек Төлебергенұлы «Ғылым қызметкері» номинациясы бойынша «Жыл адамы  Алтын адам» сыйлығына ие болды.
   
Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, профессор Рамазанов Тілекқабыл Сәбитұлы «Жылдың ең үздік ғалымы»  үшін беделді «Elsevier-Scopus» сыйлығын ие болды.
   
  Ф.м.-ғ.д., профессор Жұмағұлова Қарлығаш Нұрманқызы «Ғылымдағы үздік әйел» беделді Elsevier-Scopus сыйлығына ие болды.
   
2018 жылдың 12 сәуірінде «Радиобайланыс, электроника және телекоммуникациялар» мамандығының 2 курс студенттері Омаров Рашид және Қазыбеков Мейіржан «Фараби әлемі бизнес-инкубаторы» аясында «Smart Carbon Monoxide үшін Smart Gas Detection System» жұмысына 2 орын алды.
   

ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен Қазақстан Республикасының ғылыми облысында сіңірген еңбегі үшін ф.-м.ғ.к., профессор Қоданова Сандуғаш Құлмағамбетқызы "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМЫНА СІҢІРГЕН ЕҢБЕГІ" үшін төсбелгімен марапатталды.

   
ҚР Ұлттық ғылым академиясының жалпы жиын отырысының шешімімен «Физика» мамандығы бойынша физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректор Тілекқабыл Рамазанов ҚР ҰҒА академигі болып сайланды.
   
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен ҰҒА құрметті академигі, Қазақстанның ғылым мен техникаға еңбек сіңірген қайраткері Төлеген Қожамқұлов «Қазақстан Респубикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен марапатталды.
   

Плазма физикасы және компьютерлік физика кафедрасының доценті, PhD доктор Асқарұлы Әбдіәділ «ЖОО-ның үздік оқытушысы 2015» атағын иеленді.

   

Плазма физикасы және компьютерлік физика кафедрасының доценті, ф.-м.ғ.к. Досболаев Мерлан Қылышұлы «ЖОО-ның үздік оқытушысы 2015» атағын иеленді.

   

Теориялық және ядролық физика кафедрасының доценті, PhD доктор Бошқаев Қуантай Абғазыұлы «ЖОО-ның үздік оқытушысы 2015» атағын иеленді.

   

ҚР ҰҒА-ның академигі, ф.-м.ғ.д., теориялық және ядролық физика кафедрасының профессоры Такибаев Нұрғали Жабағыұлы «ЖОО-ның үздік оқытушысы 2015» атағын иеленді.

   

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылдың 3-ші желтоқсандағы Жарлығына сәйкес әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2015 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығымен ҚР ҰҒА академигі, профессор, ф.-м.ғ.д. Қожамқұлов Төлеген Әбдісағиұлы, ф.-м.ғ.д., профессор Рамазанов Тілекқабыл Сабитұлы, ф.-м.ғ.д., профессор Жұмағұлова Қарлығаш Нұрманқызы, ф.-м.ғ.д., профессор Қоданова Сандуғаш Құлмағамбетқызы, ф.-м.ғ.к., доцент Досболаев Мерлан Қылышұлы, ф.-м.ғ.к., PhD докторы Ғабдуллин Маратбек Төлепбергенұлы марапатталды.

   

Екі жыл бойы физика-техникалық факультетінің студенттік бизнес инкубаторының жобалары бизнес жоба сайыстарында жеңіп келеді. 2013 жыл – 2-орын Үсенов Ерболат жобасы: «Плазмалықстерилизатор».

Алматы, 2013 ж.
   

Екі жыл бойы физика-техникалық факультетінің студенттік бизнес инкубаторының жобалары бизнес жоба сайыстарында жеңіп келеді. 2013 жыл – 1-орын Сағи Оразбаев жобасы: «Жоғары интенсивті жанатын энергия үнемдейтін электр лампасының лабораториялық үлгісін жасау». Алматы, 2013 ж.

 

   

Ғалымдардың Мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегері, ғылым мен техниканың дамуына үлкен үлес қосқан З. Жаңабаев және профессор А. Говоров. Алматы, 2012 ж. 

   

Физика-техникалық факультеті «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің хабаршысы. Физика сериясы» үшінші дәрежелік дипломмен марапатталды. Алматы, 2011 ж.

 

   

Ашық түрдегі ұлттық нанотехнологиялық зертхана «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» ҚР Білім және ғылым министрлігі табысты эксперименталдық белсенділігі үшін Еуропа грантымен марапатталады. Монако, 2010 ж.