Кафедралар

Бүгінгі таңда Тарих, археология және этнология факультетінің құрамында 3 кафедра жұмыс жасайды.

Археология, этнология және музеология кафедрасы «5В020800 – Археология және этнология», «6М020800 – Археология және этнология», «6D020800 – Археология және этнология», «5В041900 – Музей ісі және ескерткіштерді қорғау», «6М041900 – Музей ісі және ескерткіштерді қорғау», «6D041900 – Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандықтары бойынша халықаралық стандарттар талабына жауап бере алатын жоғары білікті мамандар даярлайды. Кафедра оқытушылары халықаралық жəне республикалық маңызы бар ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асырады. Кафедра жанында бакалаврлар, магистранттар жəне PhD докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының, теориялық жəне практикалық дайындықтарының барлық қырларын қамтамасыз ететін, қазіргі заманғы талаптар мен қағидаттарға сай “Геоархеология” атты халықаралық лаборатория жұмыс істейді.

Кафедра  алдында тұрған басты міндеттердің бірі - жаңа технологиялар мен оқытудың белсенді түрлерін қолдану болып табылады. Кафедра оқытушылары оқу үдерісі кезінде студенттердің білім деңгейін тексеру мақсатында жаңа әдістер қолданады, өздерінің ғылыми жұмыстары барысында алынған ғылыми нәтижелерін оқу үдерісінде белсенді түрде пайдаланады.

Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы «5В011400 – Тарих», «6М011400 – Тарих», «5В051500 – Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету», «6М051500 – Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету», «6D051500 – Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету», «5В091000 – Кітапхана ісі» мамандығы бойынша халықаралық стандарттар талабына жауап бере алатын жоғары білікті мамандар даярлайды. Кафедра халықаралық жəне республикалық маңызы бар ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асырады. Кафедра жанында бакалавриат, магистранттар жəне PhD докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының, теориялық жəне практикалық дайындықтарының барлық қырларын қамтамасыз ететін, қазіргі заманғы талаптар мен қағидаттарға сай “Дүние жүзі тарихын зерттеу” орталығы жұмыс істейді.

Кафедра оқытушылары Ежелгі Шығыс тарихы, Грек және Рим тарихы, орта ғасырлар тарихы, орта ғасырлар тарихы, Азия және Африка елдерінің орта ғасырлар тарихы, әлемдік діндер тарихы, антикалық және орта ғасырлар кезеңіндегі саяси ағымдар тарихы, Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы, Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы, халықаралық қатынастар тарихы, шетелдердің жаңа және қазіргі заман тарихы секілді пәндер бойынша дәрістер өтеді. Соңғы жылдары - тарих ғылымындағы қазіргі пәнаралық зерттеулер, Қытай тарихы, Америка тарихы, әлемдік өркениеттер тарихы, Ресей және Кеңес мемлекетінің тарихы, тарих ғылымындағы теориялық методологиялық мәселелер сияқты жаңа таңдау курстары енгізілді. Студенттік алмасу және академиялық мобильділік бағдарламаларының аясында кафедра студенттері мен магистранттары, докторанттары шет елдік университеттерге тағылымдамаға жіберіліп отырады.

Қазақстан тарихы кафедрасы Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңына, Үкімет пен ҚР Білім және Ғылым министрлігінің қаулыларына, Университеттің ұзақ мерзімге арналған даму ережесіне, Университет пен факультеттің Ғылыми кеңестерінің шешімдеріне сәйкес «5В020300 – Тарих», «6М020300 – Тарих», «6D020300 – Тарих» мамандықтары бойынша тарих, археология және этнология факультетінде бакалаврлар, магистрлер және PhD-докторлар даярлауды қамтамасыз етеді. Сабақ қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Тарих, археология және этнология факультетінде кафедра оқытушылары төмендегі жалпы курстарды оқиды: Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы, Қазақстанның жаңа заман тарихы, Кеңестік Қазақстан тарихы. Сонымен қатар мынадай таңдау пәндері оқытылады: Қазақстанның тарихи географиясы, Орталық Азиядағы этномәдени үдерістер тарихы, Қазақстан мен Орталық Азия тарихындағы ғылым мен исламдық білім беру жүйесі, Еуразияның көшпелі империялары, Қазақстанның интеллектуалдық тарихы, Клиометрия, Тарихи психология, Тарихи макросоциология және т.б. Сондай-ақ кафедраның профессор-оқытушылар құрамы университеттің барлық факультеттерінде «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні бойынша дәріс оқып, семинар және өзіндік жұмыстарын өткізеді. Оқу үдерісі барлық пәндер бойынша дайындалған жұмыс бағдарламасы мен типтік бағдарламаға сай жүргізіледі. Оқытушылар өздерінің жұмыс бағдарламаларын жаңа талаптарға сәйкес үнемі жаңартып отырады, оқулықтар, оқу құралдарын, практикумдар, хрестоматиялар дайындайды, ғылыми-методикалық мақалалар мен методикалық нұсқаулықтар жариялайды.