әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де орта кәсіби, жоғары және жоғары оқу орнынан кейін, кредиттік технология бойынша, мамандар даярлайды. Кредиттік технология білім алушылардың өзін өзі ұйымдастыру және оқу үдерісі мен кредиттер көлемі шеңберінде білім алу траекториясын таңдау негізінде жүзеге асырылады. Тіркеуден қорытынды аттестацияға дейін түгел оқу үдерісін ақпараттық жағынан қамсыздандыратын - Интранет жүйесі жұмыс істейді. Эдвайзерлер мен офис тіркеушілерінің жетекшілігімен оқу жоспарынан пәндерді он-лайн түрде таңдау іске асырылған.
Университеттің 14 факультетінде, 97 кафедрада
- бакалавриаттың 61 мамандығы бойынша;
- магистратураның 48 мамандығы бойынша;
- 41 PhD білім беру бағдарламасы бойынша мамандар дайындалады.
Академиялық мәселелер жөніндегі Департаментпен дайындалған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Академиялық саясаты, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалар бойынша білім берудің кредиттік жүйесі бойынша Университеттегі оқытуды ұйымдастыру тәртібін анықтайды, білім алушылардың сабаққа қатысуға тіркеу тәртібі, ағымдағы, аралық және қорытынды бақылауларды өткізу, білім алушылардың тәжірибенің барлық түрлерін өтуін ұйымдастыру, білім алушылардың білім деңгейін бағалау, білім алушылардың ауысуын, оқуға қайта түсуін, оқудан шығуын, қорытындаы аттестация мәселелерін қамтиды.
Теориялық оқыту, аралық бақылаулар, емтихан сессиялары, тәжірибенің барлық түрлерінің мерзімдері, әр мамандық бойынша (Интранет) мәліметтер Академиялық күнтізбеде және студенттерге арналған Анықтамаларда көрсетілген.