"Тілдер мекені қайда? Филфакта!"

2014 жылдың 24 қыркүйегінде Қазақстан халықтарының тілдері күнін атап өту шарасы аясында филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде «Тілдер шаңырағы» жобасын қорғау шарасы жүргізілді. Орыс филологиясы, орыс және әлем әдебиеті кафедрасының доценттері Ж.С. Абаева, Э.Р. Когай және И.Ю. Юрицыналардың ұйымдастыруымен өткізілген іс-шарада «Филология: орыс филологиясы», «Орыс тілі мен әдебиеті» және «Қазақ филологиясы» мамандығы бойынша білім алушы 1,2,3,4 курс студенттері қатысты.

Болашақ бакалавлар бес креативті жоба ұсынды. Олардың әрқайсысында Тіл өмір сүретін Шаңырақтың өзіндік бейнесі көрініс тапқан.

Осылайша орыс тілі мен әдебиетінің оқытушылары әр қабатында фонема, морфема, сөз, сөз тіркесі мен сөйлем сынды тілдік бірліктер орналасқан көп қабатты ғимарат «тұрғызды».

Қазақстанда өмір сүретін барлық тілдер үшін тағы үш Үй тұрғызылды. Архитектуралық жауһарлардың авторлары – филфактың орыс және қазақ бөлімдерінің студенттері – елімізді мекен еткен тілдердің тату-тәтті отбасына арналған бірлестірілген Шаңырақ құру идеясын шығармашылық ой елегінен өткізді.

Факультеттегі өткен іс-шара кезінде Қазақстан Республикасы халықтары тілінің тығыз байланысының символы ретінде қазақ және орыс тілдерінде жазылған өлеңдер шарықтап тұрды.

    

Басылым күні :  14.03.2015