"Елбасы жолы"

2014 жылы 28 қарашада орыс филологиясы, орыс және  әлем  әдебиеті кафедрасының оқытушылары: профессор  Салханова  Ж.Х., доцент  Ахметжанова А.І., доцент  Қиынова Ж.Қ., доцент  Сансызбаева  С.Қ. Алғашқы Президент күніне  арналған «Елбасы жолы» атты тақырыпта мерекелік  дөңгелек  үстелін өткізді. Мерекелік  іс-шараға филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің  орыс филологиясы мамандығының 3 курс студенттері және заң  факультетінің 1,2 курс студенттері катысты.

Студенттер  Қазақстан Республикасының  президенті  Н.Ә. Назарбаевтың  өмір жолын, еңбек  қызметін, үкімет орнындағы жоғары мансабы туралы  мәліметтер дайындады. Оқытушылар  «Біздің  президент»  атты  тақырыпта  слайд-шоу  көрсетіп,  елбасыны  жеке  тұлға  ретінде, азамат  ретінде, әке ретінде  тағы да бір  қырынан  танытты. Бисембава  Салтанаттың  дайындаған  «Күшті  көшбасшы -  күшті  мемлекет»  атты баяндамасы  студенттердің  ерекше қызығушылығын  оятты.

Сондай-ақ,  Елбасының  11 қараша 2014 ж  жолдаған  «Нұрлы жол- болашақ  жолы»  атты  жолдауына  ерекше  көңіл  бөлінді. 

Студенттер  Тәуелсіз Қазақстан  мемлекетінің  даму жолы туралы өз  ойларын ортаға салды. Мерекелік  іс-шара  пікір-сайыс түрінде өткізіліп, студенттер мемлекетіміздің  экономикалық  және әлеуметтік  жағдайы туралы сұрақтар төңірегінде  пікір  алмасты.

Басылым күні :  14.03.2015