Марапаттаулар мен кафедра жетiстiгi

 

ТҮРКІ ХАЛҚТАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ СПОРТ ОЙЫНДАРЫНЫҢ IX ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ.

2020 жылдың 29-30 қарашасында Бішкек қаласында (Қырғызстан) Қырғыз-Түрік Манас университетінде IX ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ СПОРТ ОЙЫНДАРЫ СИМПОЗИУМЫ өтті. Дене шынықтыру және спорт кафедрасының профессоры Алимханов Елемес Әлімханұлы «Ұлттық ойындар мен этноспорттың халық өміріндегі рөлі» тақырыбында баяндама жасады. Симпозиум онлайн режимінде өтті.

   

Қазақ спорт туризм академиясының 75-жылдық мерейтойына және жастар жылына орай «БІЛІМ БЕРУ, ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ СПОРТТАҒЫ ИННОВАЦИЯЛАР» атты ғалымдар мен мұғалімдердің Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысқаны үшін дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісі Дилмаханбетов Е.К. Алматы қаласының Қазақ спорт туризм академиясының СЕРТИФИКАТЫМЕН марапатталды (2019 жыл)

   

ҚР Президентінің «Қазақстан-2050. БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» бойынша волейболдың дамуы мен насихаттауына үлкен үлес қосқан үшін дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісі Дилмаханбетов Е.К. ҚР әуесқой волейболының Федерациясының Алғыс хатымен марапатталды (2019 жыл)

   

Волейболдан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ерлер құрама командасы ҚР Президентінің «Қазақстан-2050. БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» бойынша жарысқа қатысып үлкен үлес қосқаны үшін және салауатты өмір сүруді насихаттаған үшін ҚР әуесқой волейболының Федерациясының Алғыс хатымен марапатталды (2019 жыл)

 

Спорттық іс-шараларды өткізілуіне және жарысқа қатысқаны үшін үлкен үлес қосқан дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісі Дилмаханбетов Е.К. Алматы қаласының ТУРОН Дүниежүзілік бірлестігі және
ҚБ «Қазақстан темір жолы» Акционерлік қоғамның филиалының магистральдық желісі Шымкент филиалының Ардагерлер кеңесінің Алғыс хатымен марапатталды (2019 жыл)

 

Дене шынықтыру және спорт кафедрасының 4 курс студенті Панкратова Ксения студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясына қатысқаны үшін І дәрежедегі дипломымен марапатталды. Баяндамасының тақырыбы: «Мәнерлеп сырғанауда спорттық шеберліктің жоғары деңгейіне қол жеткізудің маңызды құрамдас бөлігі ретінде секіру». Ғылыми жетекшісі дене шынықтыру және спорт кафедрасының доценті, п.ғ.к., Онгарбаева Дамет Туралбаевна (2018 жыл)

 

ҚР ІХ жазғы Универсиадасын өткізуге қосқан елеулі еңбегі үшін дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісі Дилмаханбетов Е.К. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігінің грамотасымен марапатталды (2017 жыл)

   Кіші-футболдан турнир ұйымдасуына үлес қосқан үшін дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісі Дилмаханбетов Е.К. Алматы қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының Алғыс хатымен  марапатталды (2016 жыл)
   Волейболдан турнир ұйымдастыруға үлес қосқан үшін дене шынықтыру және спорт кафедрасының ұжымы ҚР Президентінің Архивының Алғыс хатымен марапатталды (2016 жыл)