«Қайырымды қала тұрғындары» атты музыкалық-композициялық кеш

«Бақыт дегеніміз игіліктердің ішіндегі ең қадірлісі, ең үлкені және ең жетілгені» деп атап көрсетеді және мұндай бақытқа ие болуға қайырымды қала тұрғындарының ғана мүмкіндігі бар, мұндай қалалардың басқа қалалардан басты айырмашылығы және негізгі белгісі жоғары тәртіп пен оның тұрғындарының мәдениеттілігі, сыпайыгершілігі» деп ұлағатты ұстаз, ұлы ғұлама Әл-Фараби өзінің «Бақытқа жету» еңбегінде айтып кетеді. Игілікті іс, әдептілік пен тәрбиелілік – қайырымды қала тұрғындарының негізгі қасиеттері деп есептеген жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасының оқытушы-профессорлық құрамы мен ізденушілері «Айналаңды нұрландыр» жобасының аясында 27.02.2015 ж. «Қайырымды қала тұрғындары» атты музыкалық-композициялық кеш ұйымдастырды.

Кештің негізгі мақсаты – ізгілік пен мейірімділік, құрмет пен ізет, жақсылық пен көмек, тазалық пен қарапайымдылық, адалдық пен махаббат ұғымдарын насихаттау.

Әдеби кештің орындалуына «ҚазҰУ қайырымды қаласының тұрғындары» үш жасар баладан құрметтеген ұстаздарымызға дейін ат салысты. Фестивальда «Айналаңды нұрландыр» сөзіне жасалған ассоциативтік сараптама, осы жоба аясында кафедраның ұйымдастыруымен алғаш «ҚазҰУ студенті білуі тиіс 100 афоризм» жобасы ұсынылып, «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» атты ұрпақтар жалғастығы (оқушы – студент – магистрант – докторант – оқытушы), «Аралас тіл» атты қойымылым және көңілді әндер мен мағыналы бейне-баяндар көрсетілді. Кешті «Айналаңды нұрландыр» жобасының мағынасының кеңдігі мен маңыздылығын насихаттай, оны бағалай білу – қайырымды қала тұрғындарының міндеті деп білеміз.

 

 

Ұйымдастырушылар:                                              Мәмбетова М.Қ.,

                                                                                Медетбекова П.Т.,

                                                                                Борибаева Г.А.

Басылым күні :  14.03.2015