Ардагерлер үйіндегі сенбілік

2014 жылдың 5 қарашасында Ардагерлер үйіне «Айналаңды нұрландыр» бағдарламасы бойынша жалпы тіл білімі және шетел филологиясы жанынан құрылған «Мұрагерлер» еріктілер қозғалыс жетекшілері мен мүшелерінің ұйымдастыруымен сенбілік өтті.


Сенбілікті «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 1 курс, қазақ бөлімінің студенттері: Душаева К., Абдуллаева Ф., Малшы М., Мурат А., Нұрақын А., Тұрсынәлі М., Назар Г., Құршида Н., Серікбаева А., Контек А., Нысанбай Н., Румханов М., Айтбай Е., т.б. «Ардагерлер үйінің» ішін тазалап, терезелерін жуып, қарттардың бөлмелеріне сенбілік жүргізіп, алғысқа бөленді.

Ұйымдастырушылар – «Мұрагерлер» еріктілер қозғалысының жетекшілері: филол.ғ.д., профессор Г.Б. Мәдиева, филол.ғ.к., доценттер П.Т. Медетбекова, Ж.М.Уматова.

Басылым күні :  03.03.2015