«Соңғы қоңыраудың үні...»

 Алматы қаласындағы мамандандырылған «Жанұя» кешенінде осы жылдың 5 мамырындағы «Соңғы қоңыраудың үні...» атты шарасына дайындық жүргізілді, онда шара барысын жүргізетін студенттер мен студенттердің шырқайтын әндерінің тақырыбы, сонымен қатар кешендегі биші қыздардың биі жайлы талқылана келе, танымал өнер адамдарының қатысуы талқыланды. Бұл шараны «Қазақ филологиясы» мамандығының 3 к. студенті Мырзабек Айдар және «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1 к. Аманбай Қадірдің жүргізуімен өтетін шараға еріктілер қозғалысының бір топ студенттері де өз өнерлерін көрсетеді деген жоспармен дайындық өтілуде.

Ұйымдастырушылар: «Мұрагерлер» еріктілер қозғалысының мүше-студенттері мен жетекшілері: филол.ғ.д., проф. Г.Б. Мәдиева мен филол.ғ.к., доц. П.Т. Медетбекова, PhD докторанты Г.A. Борибаева, PhD докторы доцент А.М. Досанова және оқытушы Л. Телғараева, зертхана операторы А.С. Аушенова

Басылым күні :  04.06.2015