«Балаларға қамқорлық – болашаққа қамқорлық»

2015 жылдың қаңтар айында «Балаларға қамқорлық – болашаққа қамқорлық» атты қайырымдылық іс-шара өтті.

Іс-шара мақсаты: Балаларды компьютерлік ойындардан арылтып бұрынғы дәстүрлі ойындарға баулу.

«Жанұя» мамандандырылған кешенінің балаларымен бірге «Бірге ойнайық» атты тақырыпта қызықты ойындар өткізілді. «Қояным», «Кім жылдам?», «Кім жүйрік?», «Доп тартыс», «Асық», «Қызыл ту» және т.б. ойындар ойнатылды.

Мұндай ойындар балалардың көңілдерінен шығып, олар да өздерінің сүйікті ойындарымен бөлісті. «Жанұя» кешенінің балалары копьютерлік ойындар мен телефон ойындарынан тыс дала ойындарының қызықты ғана емес, пайдалы екендерін ұқты.

Бұл іс-шара бала дамуына ғана емес, салауатты өмір салтын ұстануына көп көмегін тигізері анық.

Ұйымдастырушылар – «Мұрагерлер» еріктілер қозғалысының жетекшілері: филол.ғ.к., доценттер П.Т. Медетбекова, PhD докторанты, оқытушы Г.А. Борибаева

Басылым күні :  04.06.2015