«Мұрагерлер» еріктілер қозғалысының мүшелерінің жиыны өтті

2014 жылдың 26 қыркүйегінде «Мұрагерлер» еріктілер қозғалысының мүшелерінің жиыны өтті. Жиында осы оқу жылындағы жұмыс жоспары мен 1 к. қабылдау мәселесі қарастырылды. Жиынға еріктілер қозғалысының жетекшілері, факультеттің студенттері (еріктілер қозғалысының мүшелері) мен кафедра оқытушылары қатысты. Былтырғы оқу жылында жақсы жұмыс атқарып, қоғамдық жұмыстардың басы-қасында болған еріктілердің бітіріп кеткен студенттері алғыс хатпен марапатталғаны жайында баяндама да жасалды (жетекші П.Т. Медетбекова), Сонымен қатар, 30 маусымдағы кафедра оқытушылары мен магистранттардың жасаған қайырымдылық шарасы да айтылды. Алдағы уақытта да Былтырғы «Ардагерлер үйі» (қарттар үйі), «Ақ үміт» атты балалар үйі, «№1 Орбита ықшамауданындағы» балалар үйі мен мамандандырылған «Жанұя» кешеніндегі балалармен қайырымдылық шаралар ұйымдастыру алдағы мақсаты екені айтылды. Осы жиында жылдық жоспар құрылды. Әрине жоспарда ауытқушылықтар болйы да мүмкін, ол біріншіден студенттердің оқу үдерісіне байланысты болса, ал екіншісі біз жоспарлаған мекемелердегі тәртіп негіз болуы мүмкін. Дегенмен алдағы уақытта біршама жұмыстар атқарылатыны белгілі.

Ұйымдастырушылар – «Мұрагерлер» еріктілер қозғалысының жетекшілері: филол.ғ.д., профессор Г.Б. Мәдиева, филол.ғ.к., доценттер П.Т. Медетбекова және «Шет тілі: Екі шет тілі» мамандығының студенттері мен «Қазақ филологиясы» мамандығының жоғары курс студенттерінің ұйымдастыруымен және қатысуымен өтті.

Басылым күні :  04.06.2015