Қазақ хандығына – 550 жыл» тақырыбында дөңгелек үстел

20 сәуір, 2015 жылы сағат 14:00-де 322 аудиторияда “Айналаңды нұрландыр” жобасы аясында Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің Жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасы «Шетел филологисы» мамандығы 2 курс студенттері және Шет тілі: екі шетел тілі» мамандығының 3 курс студенттері «Қазақ хандығына – 550 жыл» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Студенттер қазақ хандарының билік еткен жылдарды, атаулы оқиғаларды еске түсіріп, бірлесіп ребус шешті. Қазақ хандығының қалай құрылғандығын, қалыптасқандығын толық көрсеткен бейнебаян тамашалады. Оқытушылар мен студенттер тарихты оқу мағыздылығын атап, отанға деген сүйіспеншілік пен партиотизмді қалыптастыруға ерекше үлес қосты.

Cулейманова С.А.

Басылым күні :  27.05.2015