«Фольклорлық шығармалардағы этнонимдер мен антропонимдер»

2014 жылдың 4 желтоқсанында №17 студенттер үйінің оқу залында «Фольклорлық  шығармалардағы  этнонимдер  мен  антропонимдер»  атты «Алпамыс  батыр», «Қозы  Көрпеш – Баян Сұлу»  дастандары  негізінде  мәлімдемелер  мен  атаулардың  шығу  тарихы  жөнінде жиын өтті. Жиын клуб мүшелерінің ұйымдастыруымен өтті. Осы жиынның негізгі алдына қойған мақсат, міндеттері бойынша баяндаманы 3 курс студенті М. Мұхаметкерім мен   А. Қуанышева  жасады. Жиынның ерекшелігі қатысушы клуб мүшелерінің бір кісідей атсалысуында, викториналық сұрақтар, «білімпаз», «ізденімпаз» мүшелерді таңдауы арқылы өтті. 

Ұйымдастырушылар – клуб жетекшілері: филол.ғ.д., профессор Г.Б. Мәдиева, филол.ғ.к., доцент П.Т. Медетбекова және «Қазақ филологиясы» мамандығының 3 курс студенттер.

Басылым күні :  24.05.2015