Орыс тілі бойынша олимпиада
2015 жылдың 11 наурыз күні Бірлескен Қор әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетімен бірге Қарасай ауданының жалпы білім беретін мектептердің 11 сынып оқушылары арасында орыс тілі бойынша олимпиадасын өткізді.
Олимпиаданың қазылар алқасы:
Комиссия төрағасы: Бірлескен Қордың атқарушы директоры - Исраилов Еркін Дәулетұлы;
Комиссия мүшелері:
Абаева Жамиля Сериковна – филология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ орыс филология, орыс және әлемдік әдебиет кафедрасының доценті;
Сансызбаева Сандуғаш Қадралиевна – филология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ орыс филология, орыс және әлемдік әдебиет кафедрасының доценті;
Сисенбаев Ренат Маратович - «Қарасай ауданының Білім беру қоры» Бірлескен қорының бас маманы.
Кистаубаев Марат Аскарбекулы - «Қарасай ауданының Білім беру қоры» Бірлескен қорының бас маманы.
Олимпиадаға Қарасай ауданының жалпы білім беретін 17 мектептердің ішінен 115 оқушы қатысты. Олимпиаданың қатысушыларына «Қонақжайлылық – қазақ халқының төл қасиеті» және «Мейірімділік» атты таңдауға ұсынылған тақырыптар бойынша эссе жазу тапсырмасы берілді.
Нәтижесінде, олимпиада жеңімпаздары аталды:
1 орын: Әділхан Шынғыс, әл-Фараби атындағы орта мектеп гимназиясы
2 орын: Аяпбергенова Мария, Әуезов атындағы орта мектеп
3 орын: Елубаева Аида, Абай атындағы орта мектеп-гимназиясы
Сонымен қатар, орыс филологиясы, орыс және әлем тілдер кафедрасының доценттері Ж.С.Абаева, С.Қ.Сансызбаева Қарасай ауданының 11 сынып оқушыларымен кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстарын да өткізді. Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факултетінің ашық есік күндеріне оқушылар шақырылды.
Өткізілген іс-шарадан фоторепортаж Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті - Елбасының Қоры сайтында орналасқан.