Дөңгелек үстел – «The future of science»

28.02.2018 жылы техникалық пәндерге қызығушылығын арттыру және ағылшын тілінде дискуссия жүргізе білу мақсатында шет тілі кафедрасының Рустемова А.И., Махметова Д.М аға оқытушыларының және физика-техникалық факультеті ЯФ-101А тобы студенттерінің ұйымдастыруымен «The future of science» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел аясында студенттер бүгінде актуальды сұрақтарды қарастырып баяндамаларды дайындады. Баяндамаларды дайындаған студенттер:

a) Сыздыкова Камила, Бекбусын Алдияр и Ескельдиева Жаннеля – «The World of Nanotechnology»

b) Муканов Мадияр, Ерсын Ердаулет и Сабиров Амир – «DNA Computers»

c) Умирзаков Даурен , Карпе Саят и Тасбулатов Асыл - «The Future of Technology» Іс-шараның барлық қатысушылар үшін жеткілікті дәрежеде қызықты әрі танымды өткенін, сол арқылы достық қарым-қатынастың қалыптасуына септігін тигізгенін айтуға болады.

 

Басылым күні :  28.02.2018