«Қазақ хандығына 550-жыл» атты студенттердің ІІ республикалық ғылыми-танымдық конференциясы
«Қазақ хандығына 550-жыл» атты студенттердің ІІ республикалық ғылыми-танымдық конференциясына студенттер мен магистранттарды қатысуға шақырамыз.
Конференция әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2015 жылдың 17 сәуірінде өтеді.
ҚАРАСТЫРУҒА ҰСЫНЫЛАТЫН ТАҚЫРЫПТАР:
- Жергілікті ономастикалық мәселелер және оларды шешу жолдары.
- Тарих қойнауында сақталған топонимикалық атаулар.
- Қоғамдағы жарнама тілі және жалқы есімдер: өзекті мәселелері мен жетістіктері.
Қонференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференцияға қатысу үшін автор материалдың (көлемі 3 беттен аспауы тиіс) электрондық нұсқасын (Tіmes New Roman шрифті, 14 кегль) жіберуі тиіс.
МАҚАЛАНЫҢ БЕЗЕНДІРІЛУІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
Мақала атауын ортаға (бас әріптермен, 14 кегльмен)
Мақала авторы (аты-жөні) (12 кегель)
ЖОО атауы, қаласы (12 кегель)
Электронды поштасы (10 кегель)
Ғылыми жетекшісі (12 кегель)
Аннотация: 3-5 сөйлем, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде;
Кілт сөздер: (5 сөзден аспауы тиіс, курсивпен, 10 кегльмен), қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде;
Өлшемдер: үсті және асты – 20 мм, сол жағы – 30 мм, оң жағы – 10 мм.
Жоларалық интервал – 1.0
Әдебиеттерді жазу үлгісі:
1. Колесов В.В. Русская ментальность в языке и тексте. – СПб: Петербургское Востоковедение, 2006. С.11.
2. Попова З.Д., Стернин И.А. Когнитивная лингвистика. – М.: АСТ: Восток-Запад, 2007.
Текст ішінде сілтеменің төмендегідей үлгіде жазылады: [1, 23], 1 – еңбектің аты, 23 – беттің саны [2: 15, 16].
Ұйымдастыру комитеті жарық көретін материалдарды сұрыптап барып жариялайтындығын ескертеді.