«We Are Against Corruption!»

Біз, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, заң факультетінің 5В030100 – «Құқықтану» мамандығы бойынша оқитын 1 курс, орыс бөлімі студенттерімен бірігіп «Айналаңды нұрландыр!» жобасының аясында «Біз - парақорлыққа қарсымыз!» тақырыбында тәрбие сағатын өттік. Тәрбие сағатының формасы – дөңгелек үстел түрінде өтті. Сабақ барысында тақырып бойынша студенттер баяндама жасап, оны талқылады, сонымен қатар, келесі сұрақтар бойынша Жемқорлық дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар? Парақорлыққа қарсы ұйымдар мен олардың атқарып жатқан жұмыстарына қандай баға бересіз? студенттер ағылшын тілінде әртүрлі мысалдар келтіріп, өз ойларын айтты. Сонымен қатар, бір-біріне көптеген сұрақтар қойып, тақырып туралы өз ойларымен бөлісті.

Басылым күні :  08.11.2017