«ТҮРКІ ЖАЗУЫ» МЕЙРАМЫ ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛДЫ

«ТҮРКІ ЖАЗУЫ» МЕЙРАМЫ ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛДЫ

 

Қарашаңырақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология және әлем тілдері факультетінде дәстүрлі «ХХIV Түркі жазуы мейрамы» өтті. Бұл мейрамға қазақ филологиясы мамандығының 1-курс студенттері «Түркі филологиясына кіріспе» пәні бойынша бір семестр бойы алған білімдерін «Бөртешене», «Қазыналы Тектелгі» атты топтарға бөлініп, өзара бақ сынасу негізінде көрсете білді. Мерекелік іс-шарада 1-курс студенттері өнер көрсетіп, өздерінің арасындағы топтық бәсекелестікке қарамай, бірлігі жарасқан топ ретінде халыққа керемет көңіл-күй сыйлап, адамды ойға қалдырарлықтай көріністерімен көрермендерді терең ойға батырып кетті. Жеңген топтарға факультетіміздің атынан арнайы дипломдар және сыйлықтар табыс етілді

Басылым күні :  08.12.2016