Смарт оқытушы

Факультетіміздің смарт оқытушысын анықтау мақсатында 26 ақпан күні куратор-эдвайзерлердің арасында сайыс-байқау ұйымдастырылды. Оқытушылар  тек білімдерін ғана емес, сондай-ақ өздерінің барлық қырларын, өз өнерлерін, топпен жұмыстарын, көрме-видеоларын, тапқырлықтарын таныта білді. Әділқазылар мен көрермендердің шешімі бойынша "Смарт оқытушы 2015" байқауының жеңімпазы Жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасының аға оқытушысы Оспанқұлова Шынар атанды.

Басылым күні :  02.03.2015