"Айналаңды нұрландыр" жобасы аясында "Үміт сыйла" атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды

03.12.2018 ж. сағат 13:00-де Даму қабілеті төмен балаларға арналған 7-ші арнайы (түзету) мектеп интернатында (Байтұрсынов көшесі 150/2) "Айналаңды нұрландыр" жобасы аясында ұйымдастырылып отырған "Үміт сыйла" атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Қайырылымдық шарасына химия және химиялық технология факультетінің "Көмек" Қоғамдық Қорының құрамына кіретін студенттер белсенді қатысты. Қайырымдылық шарасы аясында мектеп оқушыларының қолөнер еңбектерімен, күнделікті тұрмысымен таныстық. Іс-шара аясында аналитикалық, коллоидтық және сирек элементтер технологиясы кафедрасы ұжымы атынан сыйлықтар ұсынылды. 

Ұйымдастырушылар: Аналитикалық, коллоидтық және сирек элементтер технологиясы кафедрасы мен химия және химиялық технология факультеттінің "Көмек" Қоғамдық Қоры


Басылым күні :  09.01.2019