Николай Коперник атындағы Университеттің (Торун қ. Польша) профессоры Войчек Куявский әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасында болып қайтты

2018 жылдың --қыркүйегі мен 8 қыркүйегі аралығында Николай Коперник атындағы Университеттің (Торун қ. Польша), химия факультеті, физикалық химия және полимерлердің физикалық химиясы кафедрасының профессоры В. Куявский оқытушылардың Эрасмус+ ұтқырлық бағдарламасы аясында аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасында болып қайтты.  

Профессор В.Куявский Еурокеңес және Польша ішіндегі ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға арналған, сонымен қатар, мембраналық химия, мембраналарды алу жолдары, олардың сипаттамалары мен қолдану аясы туралы және одан да басқа қызықты тақырыптарға дәрістер оқыды. Оқылған дәрістері өз қызықтығымен тек қана студенттер мен магистранттарды ғана емес, оқытушыларды да тарта алды.  

 

 

 

Басылым күні :  11.12.2018