2018 жылдың 10-11 мамырында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті атынан доцент Л.Кудреева М.Әуезов ат.ОҚМУ-дегі Оқу-Әдістемелік Кеңестің отырысында болып қайтты

2018 жылдың 11 мамырында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті атынан доцент Л.Кудреева М.Әуезов ат.ОҚМУ-дегі Республикалық Оқу-Әдістемелік Кеңестің отырысына қатысты. Күн тәртібіне сәйкес Оқу-Әдістемелік Кеңестің мамандықтарының дипломдық жұмыстарының және магистрлік диссертациялар байқауы өткізілді. Және "Кәсіптік оқытудағы химиялық-технологиялық мамандықтар бойынша Оқу-Әдістемелік Кеңесімен ұсынылған" грифімен  оқулықтар мен оқу құралдарын  баспаға ұсыну мен мақұлдау мәселесі және т.б. әр түрлі мәселелер қарастырылды.  


 

Шымкент қаласындағы РОӘК отырысы. 2018 ж. Суретте "5В072000 - Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы" мамандығын оқытатын 11 университеттің Республикалық Оқу-Әдістемелік кеңес мүшелері

Басылым күні :  17.05.2018