Сіздерді «Үздік химик-зерттеуші» жыл сайынғы олимпиадасында өз күшіңізді сынауға шақырамыз!

Құрметті ҚазҰУ, сонымен қатар ҚБТУ және Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ-дің XЗ, ОЗХТ, БЗХТ мамандықтары студенттері!
Сіздерді «Үздік химик-зерттеуші» жыл сайынғы олимпиадасында өз күшіңізді сынауға шақырамыз! Олимпиада екі кезеңнен тұрады:1-ші жеке сайыс, есептер мен бейне тапсырмаларды қамтиды.2-ші командалық сайыс - технологиялық проблемаларды шешу ұсынылады.
Бірінші турдың жеңімпазы 100 000 теңге сыйақы алады.Жеңімпаз команда, сонымен қатар, 100 000 теңгеден (әр команда үшін) бонус алады. Қалған жеңімпаздар естелік сыйлықтарға ие болады.
Бір сайысқа да және екі сайысқа да қатыса аласыз.
Уақыт пен орын: хабарландыруды қараңыз.
Барлық сұрақтарыңызға 2015 жылғы біздің олимпиаданың жеңімпаз Аскарова Гаухар жауап береді. WhatsApp: 87081559309
Ұйымдастырушылар: Аналитикалық, коллоидтық химия және ТР кафедрасы (проф. А.П Курбатов, Б.Н. Кенесов, доцент А.Галеева, А.Аргимбаева, Л.Кудреева)

Демеуші: Физика-химиялық зерттеу және талдау әдістері орталығы

 

Басылым күні :  13.05.2018