Сәуір айының 3-6 аралығында факультеттер арасында шахматтан турнир өтті.

Шахмат — ақыл-ой спорт түрі

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де дене шынықтыру және спорт кафедрасында студенттер арасындағы дәстүрлі 70-ші Факультетаралық спартакиада болды. Сәуір айының 3-6 аралығында факультеттер арасында шахматтан турнир өтті. Төреші - Алматы бойынша бірінші спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Ұлттық жоғары категориялы төреші, Қазақстан чемпионатының және бірнеше халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы, КазГУдың түлегі, шахмат патшасы - Анатолий Аристархович Носков. 
Турнир барысында 9 команда сынға түсті. Финалға 5 команда шықты. Сайыс нәтижесінде 3 команда: Экономика және бизнес жоғары мектебі, Химия және химиялық технология факультеті, Механика-математикалық факультеті құрамалары 9 ұпаймен тең түсті. Жеңімпаз команданы анықтау үшін 3 команда арасында тартысты ойын болды. Турнир қорытындысы бойынша 1-орынды Экономика және бизнес жоғары мектебі, 2- орынды Механико-математикалық факультеті қанжығаларына байлады және біз, 3-орынды Химия және химиялық технология факультеті құрамасы иелендік. Сайыс ұйымдастырушыларына алғысымызды білдіреміз.

Жеңімпаз факультеттерді шын жүректен құттықтаймыз!

 

Басылым күні :  13.05.2018