Химия және Химиялық технология факультетінің ОЗХТ – 204 топ студенттері "Ең үздік студенттік топ-2015" (Эдв. х.ғ.к., аға оқыт. Артыкова Д.М-К.) байқауының 1-орын жүлдегері атанды!

Химия және Химиялық технология факультетінің ОЗХТ – 204 топ студенттері  "Ең үздік студенттік топ-2015" байқауының 1-орын жүлдегері атанды!

ОЗХТ – 204 топ студенттері мен осы топтың куратор-эдвайзері және аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасының аға оқытушысы, х.ғ.к. Артыкова Дана Мыкты-Кереевнаның инициативасымен «Ең үздік студенттік топ-2015» байқауына қатысуға шешім қабылданып, конкурстың үш сатысынан да ең жоғарғы көрсеткіштер көрсете отырып, нәтижесінде 1  турдан 205 ұпай жинады, 2 турдан ең жоғарғы көрсеткіш көрсетіп, 197 ұпай жинады және 3 турдан да ең жоғары көрсеткіштер жинап, қосып айтқанда 553 ұпай жинады. Бірінші тур шарты бойынша, осы топ эдвайзерімен бірге таныстыру видеосын және эдвайзермен бірге би шығарып, химия саласы бойынша демонстрациялық тәжірибелер көрсетті. Бірінші турдың нәтижесінде риза болған спонсорлар ағылшын курсының тегін өту сертификатын сыйға тартты. Екінші тур шарты бойынша «Мен әлемді өзгертуді неден бастауым керек?» тақырыбында видео көрсетілді. Үшінші тур шарты бойынша бірегейлік деңгейге ие ғылыми жоба қорғау керек болған еді. Бұл орайда бұл студенттік топ  эдвайзері мен жоғарымолекулалық қосылыстар кафедрасының профессоры Григорий Алексеевич Мунның «Жарық беруші жүйелердің жаңа прототипті түрлері»  атты жетекшілігімен үздік ғылыми жоба дайындап қорғап шықты. Сөйтіп, ОЗХТ – 204 топ студенттері  университет деңгейінде "СҰҢҚАР" студенттік кәсіпорын ұйымдастыруымен өткен "Ең үздік студенттік топ-2015" байқауының 1-орын жүлдегері атанды.  Конкурс шартына орай 12 студент пен эдвайзері үшін 13 адамға Астанаға 6-шілдеде қала күнін тойлатуға жолдама ұсынылды.

Басылым күні :  21.05.2015