Факультет тарихы

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНІҢ ТАРИХЫ


1949 жыл – Киров атындағы ҚазМУ-да экономика факультеті ашылды. Факультет деканы болып э.ғ.д., профессор, Қазақстан ғылымының еңбек сіңірген қайраткері Жеребятьев Федор Алексеевич тағайындалды және ол 1963 жылға дейін қызмет атқарды.

 

1951 ж. бастап 1954 ж. дейін – Факультет философия факультетімен біріктірілді.

 

1954 ж. бастап 1963 ж. дейін – Экономистерді дайындау 1963 жылы құрылған Алматы халық шаруашылығы институтының (қазіргі кезде «НарХоз») экономика факультетінде жүргізілді.

 

1965 ж. бастап – Факультеттің қызметі тарих факультетінің құрамында саяси экономика бөлімі ретінде қайта жаңғырды.

 

1968 ж. бастап –  Философия-экономикалық факультет қайта ұйымдастырылды. Экономика саласы саяси экономиялық кафедрасында оқытылды.

 

1972 ж. – Политэкономия кафедрасы гуманитарлық және жаратылыстану факультеттерінің саяси экономиясы деген екі бағытқа бөлінді және оларды э.ғ.д., профессорлар Я.А.Аубакиров және В.Н.Пуриц басқарды.

 

1974 ж., сәуір – Саяси экономия кафедрасымен қатар «Салалық экономика» кафедрасы құрылды.

 

1981 ж. бастап 1982 ж. дейін – Әр жылы 25 адамнан қабылданатын «Саяси экономия» мамандығының сырттай бөлімі іске қосылды.

 

1988 ж. бастап – Факультетке «Қолданбалы әлеуметтану» мамандығы енгізілді.

 

1990 ж. бастап – Факультетке «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы енгізілді.

 

1991 ж. – Қазақстанның егемендік алуымен елде жаңа  мамандықтарға қажеттіліктер туындап, философия-экономикалық факультет екі факультетке бөлінді: экономика және әлеуметтану, философия және саясаттану. Факультетті э.ғ.д., профессор Жатканбаев Е.Б. басқарды.

 

1992 ж. – Факультетке «Бизнесті ұйымдастыру және басқару» мамандығы енгізілді.

 

1993-1994 оқу жылдарындаҮш мамандық бойынша кандидаттық диссертацияны қорғау бойынша Кеңес ашылды: «Саяси экономика», «Экономика және халық шаруашылығын басқару» және «Экономикалық-математикалық әдістер». Кеңес төрағасы э.ғ.д., профессор Нарибаев К.Н. болды.


1997 ж., ақпан – Кеңес осы бағыттар бойынша докторлық кеңес болып қайта ұйымдастырылды, кеңес төрағасы болып профессор Жатканбаев Е.Б. тағайындалды.


1997 ж. – Факультетте кезекті қайта ұйымдастыру орын алды. Экономика және заң факультеттерінің негізінде –– Экономика және құқық Институты құрылды. Институттың директоры болып ҚазМУ-дың халықаралық байланыстар жөнінде проректоры қызметін қатар алатын Жатқанбаев Е.Б. тағайындалды.


1999 ж.Экономика және құқық Институтының  директоры болып з.ғ.д. профессор Бектурганов Абдиманап Еликбаевич тағайындалды. 1997 жылдан 2001 жылға дейін директордын орынбасары, «Экономика және құқық Институтының» директоры, әл-Фараби атындағы ҚазМУ азаматтық және кәсіпкерлік құқық кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.


1999-2000 жж. – әл-Фараби атындағы ҚазМУ-нің «Экономика және құқық Институтының» директоры болып з.ғ.д. профессор Джакишев Еркын Газизович тағайындалды.


2001 ж. – Диссертациялық кеңесті академик ҚР ҰҒА, э.ғ.д., профессор Аубакиров Я.А. басқарды.


2001 ж.Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылми кеңесінің шешімі бойынша Экономика және құқық Институты екі факультетке: заң және экономика және бизнес болып бөлінді. Экономика және бизнес факультетінің деканы болып докторлық диссертациялық Кеңестің мүшесі э.ғ.д. Профессор Елемесов Раушанбек  Елемесович тағайындалды. Ол мамандықтар бойынша мемлекеттік стандарттарды құрудақатысты. 2006 жылы Елемесов Р.Е.  «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» атағын алды.


2005 ж., қыркүйек -2008 ж. мамыр – Экономика және бизнес факультетін э.ғ.д. профессор Жатканбаев Ержан Байғожаевич басқарды. 1984 ж. шілдеден бастап Жатқанбаев Е.Б. аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, Экономика және әлеуметтану факультетінің деканы, Экономика және құқық Институтының директоры, ҚазМУ проректоры болып қызмет атқарды. 2011 жылдың 1 қазанынан бастап 2005 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Халықаралық байланыстар факультетінің деканы қызметін атқарды.


2008 ж. – Экономика және бизнес факультетінің деканы болып э.ғ.д., профессор Мухамедиев Булат Минтаевич тағайындалды. 1995 жылы ол қалыптастырылған макро-микроэкономика және математикалық әдістер кафедрасын басқарды. Бүгінде Мухамедиев Б.М. ҚР Ұлттық инженериялық академисының мүше-корреспонденті. 2008 жылы ол ғылым және техниканың дамуына үлес қосушы ғалымдар мен мамандардың мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегері болды. 2005 жылы Мухамедиев Б.М.«Қазақстан Республикасы ғылымының дамуындағы еңбегі үшін» атты ҚР БҒМ медалімен марапатталған. 2005 және 2006 жылдардағы«ЖОО ең үздік оқытушысы» атты ҚР БҒМ-нің грантының иегері.

 

2009 ж. – 2017 жыл аралығы – Факультет деканы қызметін э.ғ.к. доцент Ермекбаева Б.Ж атқарды. Білім беру және кадрларды дайындау саласына қосқан үлесі үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің Грамотасымен марапатталған. Білім беру саласына қосқан үлесі үшін «Қазақстан Республикасының Білім саласының құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған. 2009 жылы жасөспірімдерге тәрбие және білім беру ісінде едәуір табысы үшін «Ы. Алтынсарин» төсбелгісіне ие болған. 10.11.2011 ж. ҚР Президентінің қаулысымен «ҚазақстанРеспубликасының тәуелсіздігіне 20 жыл» атты мерейтойлық медальмен марапатталған. ҚР Президентінің 5 желтоқсан 2011 ж. қаулысымен Ермекбаева Баян Жундибаевнаға «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы тағайындалды.  Ермекбаева Б.Ж. 2001 жылдың «ЖОО ең үздік оқытушысы» атты мемлекеттік грантының иегері болып табылады.

 

2010 ж. – Экономика және бизнес факультеті атауы Экономика және бизнес жоғары мектебіне ауысты.

 

2011 ж. – 4 кафедра ұйымдастырылды: «Маркетинг және менеджмент», «Есеп және аудит», «Қаржы», «Экономика».

 

2011 ж. – 17 қаңтар 2011 жылдан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми кеңесінің Шешімімен ЖОО Зерттеу университетіне өзгеру стратегиясына сәйкес Экономикалық зерттеулер орталығы құрылды.

 

2017 жылдың қыркүйегінен қазіргі уақытқа дейін – ЭжБЖМ деканы болып э.ғ.д., профессор Сагиева Римма Калымбековна тағайындалды. 2010 жылы Сагиева Р.К. ҚР БҒМ «Қазақстан Республикасы ғылымының дамуындағы қызметі үшін» медалімен марапатталған, 2016 жылдың «ЖОО ең үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері болып табылады.

 

 

Дереккөз:

1. әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті: Алматы: Қайнар, 1994. – 352 б.

2. Экономика және бизнес факультеті. – Алматы: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2009. – 200 б.