Студенттік өмір

 

       2021 жылдың 19-шы сәуір күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетнің Халықаралық қатынастар факультетінің «Әлемдік экономика» мамандығының 2-курс студенттерімен «COVID-19-дің Қазақстан экономикасына кері әсері - ауқымы жағынан соңғы онжылдықтағы ең ауқымдысы» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел болып өтті.

     Дөңгелек үстел топ эдвайзері ф.ғ.к. доцент А.С.Смагулованың баяндамасынан бастау алып,ары қарай Ерболова Гульжанаттың қазақ тіліндегі баяндауымен және қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде «COVID-19-дің Қазақстан экономикасына кері әсері - ауқымы жағынан соңғы онжылдықтағы ең ауқымдысы» тақырыбы туралы дайындаған презентациясымен жалғасты. Ағылшын тілінде Нұрғазы Сымбат көптеген мәліметтермен бөлісті. Одан әрі орыс тілінде Жумабаева Диана баяндама жасады. Дөңгелек үстел әдеттегідей,үш тілде жүріп өтті.

     Дөңгелек үстел барысында топ студенттері өздерінің ой-көзқарастарын жан-жақты дамытты. Пандемияның салдары, алдағы күтілім жайлы өз ойларымен бөлісті.

 

 

Қазақ халқы – Абайдың халқы

         2020 жылдың қазан айының 16 жұлдызында Халықаралық қатынастар факультетінде «100 кітап» жобасының шеңберінде Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ халқы – Абайдың халқы» атты тақырыпта эдвайзерлік сағат өткізілді. Шараны ұйымдастырушылар - Дипломатиялық аударма кафедрасының доценті, философия ғылымдарының кандидаты К.Қ. Смағұлова және «халықаралық қатынастар» мамандығының 2 курс студенттері. 

         Аталмыш отырыстың осы жолғы бағдарламасында – «халықаралық қатынастар» мамандығының 2 курс студенті А. Ажибаева Абайдың шығармашылығы туралы мазмұнды баяндама жасады. Т. Сағымбаев 45 қысқа мысалдар мен философиялық трактаттардан тұратын еңбегінен 9-шы қара сөзін ұсынды. З. Ташкенова, Ж.Өмірбек және Ә. Бахытбек ақынның жыр шумақтарынан үзінді ретінде өлеңдерін оқыды. Кеш «Ақылдылардың сөздерін жаттаған адам өзі дана», - деген сөзімен аяқталды.

 

 

 

«ӘБУ-НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ - ШЫҒЫСТЫҢ ҰСТАЗЫ» АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ

 

18 қараша 2020 жылы Халықаралық қатынастар факультеті Дипломатиялық аударма кафедрасының аға оқытушы Жанұзақова Гүлмира «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша оқитын 2 курс студенттерімен «ӘБУ-НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ - ШЫҒЫСТЫҢ ҰСТАЗЫ» атты тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты:  Әлемнің Екінші ұстазы Әбу-Насыр әл-Фарабидің 1150 жыл толуына орай жүргізілген ашық тәрбие сағатының мақсаты студенттерге еңбегін ұлықтау, жастарға өнеге болатындай тәлім тәрбиелік насихаттау жүргізу. Тәрбие сағаты барысында студенттер өздері дайындаған өлеңдерін оқып, презентацияларын көрсетті және ойындар ойнады.

 

 

 

 

             АБАЙ - ДАНА, АБАЙ - ДАРА ҚАЗАҚТА!-атты тәрбие сағаты

20 қараша 2020 жылы Халықаралық қатынастар факультеті Дипломатиялық аударма кафедрасының аға оқытушы Жанұзақова Гүлмира «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша оқитын 2 курс студенттерімен «Абай - дана, Абай - дара қазақта!-атты тәрбие сағатын өткізді.

Сабақтың мақсаты: 

Студенттермен ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев шығармаларын талқылау. Ақынның өлеңдері мен қарасөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру.
2. Студенттердің сөйлеу, мәнерлеп оқу қабілеттерін, тіл байлықтарын, сөздік қорларын дамыту.
3. Мейірімді, адал болуға, адамгершілікке, жаман әдептерден бойларын алыс ұстауға тәрбиелеу.

 

Сілтеме: https://youtu.be/K7bjOPMmmTA

 

 

 

 

ШОҚАН УАЛИХАНОВ-ШЫҒЫСТЫҢ ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗЫ

 2020 жылдың 13-шы қараша күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетнің Халықаралық қатынастар факультетінің «Әлемдік экономика» мамандығының 2-курс студенттерімен «Шоқан Уалиханов-шығыстың жарық жұлдызы» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел болып өтті.

Дөңгелек үстел топ эдвайзері А.С.Смагулованың баяндамасынан бастау алып,ары қарай қазақ тіліндегі Жұмағалиева Лауланың Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов туралы дайындаған презентациясымен жалғасты.Одан әрі орыс тілінде Берденова Дарина көптеген мәліметтермен бөлісті. Дөңгелек үстел әдеттегідей,үш тілде жүріп өтті.Ағылшын тілінде Жұмабаева Диана баяндама жасай отырып, Шоқанның еңбегі мен өмір жолына шолу жасады.Онлайн дөңгелек үстел барысында Шоқанның қысқа ғана өмірінде артынан өшпес із қалдырғаны,қазақ қоғамына сіңірген ерен еңбегі жайлы баяндалды.

Шоқанның шығыстанушы болуына отбасылық тәрбие, шығыс тілдері және мәдениетімен етене таныстығы; сонымен қоса Кадет корпусында Азия тарихы мен жағрапиясын, бірнеше шығыс тілдерін меңгеруі, белгілі шығыстанушы-ғалымдармен байланысы; ең соңында бірқатар маңызды саяхаттары нағыз шығыстанушы-ғалым болып орнығуына ықпал етті.

 

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай онлайн дөңгелек үстел

2020 жылдың 6-шы қараша күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетнің Халықаралы қатынастар факультетінің «Әлемдік экономика» мамандығының 2-курс студенттерімен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай онлайн дөңгелек үстел болып өтті.

     Дөңгелек үстел топ эдвайзері А.С.Смагулованың баяндамасынан бастау алып,ары қарай қазақ тіліндегі Жұмағалиева Лауланың Ахмет Байтұрсынұлы туралы дайындаған презентациясымен жалғасты.Одан әрі орыс тілінде Берденова Дарина көптеген мәліметтермен бөлісті. Дөңгелек үстел әдеттегідей,үш тілде жүріп өтті.Ағылшын тілінде Кабулов Әділет баяндама жасай отырып,Ахмет Байтұрсыновтың еңбегі мен өмір жолына шолу жасады.

     Ахмет Байтұрсынұлы-қазақтың ұлы жол бастаушысы,аудармашы,ақын. Ахмет Байтұрсыновты М.Әуезов «қазақтың «рухани көсемі» деп атағаны әрине, бекер емес. Халықтың рухани өміріне жанашырлық танытып, әрдайым елмен бірлікте болған рухани ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылық қызметі ізгілікке толы болған. Ол атқарушылық қызметті де атқара жүріп, оқу-ағарту ісінен ешбір қол үзбеген қайраткер. Өзі үшін емес, халық үшін өмір сүрген рухани көшбасшы, өйткені Ахмет Байтұрсынов өз өмірін халық үшін құрбан еткен абзал азамат. Өз халқының өмірінің сан-саласына араласып, өз көзқарасын ашық ортаға салған қоғам қайраткері. Ахмет Байтұрсынұлының ойы, сөзі, ісі әрдайым бірлікте болған. Сонысымен де ізгі педагог. Ахмет Байтұрсынұлының оның өмірі мен қызметі, рухани мұралары ұрпаққа баға жетпес үлгі.

"Қашықтықтан оқыту технологиялары"

2020 жылдың қыркүйек айының 29-жұлдызы күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Халықаралық қатынастар факультетінің "Әлемдік экономика"мамандығының 2 курс студенттерімен "Қашықтықтан оқыту технологиялары" тақырыбында онлайн түсіндірме семинары жүріп өтті. Түсіндірме жұмыстарын топ эдвайзері А.С.Смагулова жүргізді. Семинар барысында Қазақ Ұлттық Университетінің ректоратымен бекітілген құжаттармен танысу, олардың мәні мен мағынасын білу және студент пен оқытушы арасындағы тәртіптік ережелер нақтылы баяндалып,түсіндірілді. Семинар барысында студенттер ойларында жүрген сауалдарымен бөлісіп, қашықтықтан оқыту жайлы көптеген ақпарат алды.

 

«Әл-Фараби ұлы даланың рухани ұстазы»

   Ағымдағы жылдың жиырма үшінші қазан күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті,Халықаралық қатынастар факультетінің «Әлемдікэкономика» тобының студенттерімен «Әл-Фараби ұлы даланың рухани ұстазы» тақырыбында ZOOM платформасында онлайн-дөңгелек үстел болып өтті. Шара топ студенттерінің эдвайзері А.С.Смагулованың Әл-Фараби жайлы баяндамасымен басталды.Дөңгелек үстелдің келесі сөзі топ студенті Жұмағалиева Лауланың «Әл-Фараби-кемеңгері ғаламның!» тақырыбымен дайындаған презентациясымен жалғасты.Сөз барысында Әл-Фараби бабамыз сан қырлы жағынан сипатталып,толықтай талдау жасалынды.Келесі кезекте Кабдулов Әділет және Садықов Жоламанның орыс тілінде даярлаған эссе және ойтолғауларымен көрініс тапты.Әс-шараның жалғасы Аманбай Муслима және Жұмабаева Диананың ағылшын тілінде Әл-Фарабидің өмір жолы мен шығармашылығына арналған презентациялармен жалғасты. Жалпы,бұл күн рухты тұлға Әл-Фарабиді,оның өнегесі мен жүріп өткен жолын еске алумен және оны дәріптеумен өзіндік есте қалды.Сөз соңында,топ студенттері өздерінің осындай нар тұлғаның атына берілген ЖОО-да оқитындарына дән риза екендіктерін айтып,Әл-Фараби ізін жалғастыратындарына кәміл сеніммен тарқасты. Әл-Фараби-дүниенің сырын ұғынушы,ғылымның әрбір саласына еңбегін қосушы дара тұлға,ұлы ойшыл,кемеңгер!Әрбір елім деген азамат ұлы тұлғаны ешқашан ұмытпай,оның шығармаларынан өмірге қажет азық алып,үнемі пір тұтып жүруі тиіс!

Тіл-тіршілік тынысы

2020 жылдың қазан айының 2 жұлдызы күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Халықаралық қатынастар факультеті әлемдік экономика тобы 2-курс студенттерімен “Тіл-тіршілік тынысы” тақырыбында ашық онлайн-дөңгелек үстел болып өтті.Мереке барысында студенттер әр елдің тілінде амандасып,хәл сұрасты.Бұл күн қуаныш пен ортақ дүниетанымның кеңейген күніне айналды:студенттер әр елдің тілінде өлең оқып,қызықты деректермен бөлісті.Дөңгелек үстел соңында ана тіліміз-қазақ тілінде монолог оқылып,студенттер ерекше көңіл-күймен тарқасты. Онлайн дөңгелек үстел Zoom қосымшасы арқылы өтті,ұйымдастырушы Aigerim Smagulova.

 

 Гете «"Кімде-кім басқа тілді білмесе, өз тілі туралы ештеңе білмейді" 

2020 жылдың 08 шы қазан күні халықаралық қатынастар факультеті, дипломатиялық аударма кафедрасының аға оқытушысы Г.К. Жантилеуова халықаралық қатынастар мамандығы 2 курс студенттерімен Қазақстандағы тілдері күні меркесіне арнап немістің ұлы ақын жазушысы Йохан Вольфганг Гетенің «"Кімде-кім басқа тілді білмесе, өз тілі туралы ештеңе білмейді" деген нақыл сөзі негізінде онлайн режимде тәрбиелік сағат ұйымдастырды. Тәрбиелік сағаттың мақсаты: неміс тілді елдер туралы, немістің белгілі адамдары туралы айта алу,неміс тілінде мақал – мәтелдер, жаңылтпаштар,тақпақтар оқу, ән айту болды. Тәрбие сағаты неміс тілінде өтті. Тәрбие сағатын аға оқытушы өзі бастап, ары қарай топ білімгері Кусаинова Айгерім жүргізді. Студенттер неміс тілінен алған білімдерін осы тәрбие сағаты аясында, мүмкіндігінше еркін сөйлеу арқылы көрсете алды. Тақырып бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді, белсенділік танытты. Тәрбиелік сағаты өте мазмұнды өтті. Тәрбие сағатының соңында «Бас-қол-жүрек» әдісі бойынша кері байланыс орнатылды. Әр студент тәрбие сағатының өту барысы туралы өз ойларымен бөлісті. https://youtu.be/2x2XcaOnWY0

 

 

 

«Тіл - татулық тірегі» атты тақырыпта өткізілген дәстүрлі «Тілдер» фестивалінің Есебі

 2020 жылдың қазан айының 2 жұлдызында Халықаралық қатынастар факультетінде Қазақстан тілдері күніне арналған жалпы университеттік тілдер фестивалінің шеңберінде «Тіл - татулық тірегі» атты тақырыпта онлайн фестиваль өткізілді. Шараны ұйымдастырушылар - Дипломатиялық аударма кафедрасының доценті, философия ғылымдарының кандидаты К.Қ. Смағұлова және «халықаралық қатынастар» мамандығының 3 курс студенттері.

«Тіл - татулық тірегі» атты тақырыптағы мерекелік шараның осы жолғы бағдарламасында - студенттер әзірлеген қазақ, қытай, ағылшын, испан тілдерінде әуезді әндер орындалды және студенттердің ақындық өнері қамтылды. Халықаралық қатынастар факультетінде сөз өнерін бағалай білетін, ақынжанды, өнерлі студенттер аз емес.

Алғашқы болып өнерін көрсеткен ХҚ мамандығының 3 курс студенті Балуанова Аружан. Ол «Фаренгейт бойынша 451 градус» кітабынан ағылшын тілінде үзінді оқыды.

Испан тілі – әлемдегі ең әдемі құлаққа жағымды естілетін тілдердің бірі және біздің факультетте оны үйренетін студенттер аз емес. Солардың бірі- Сайранбекова Акмарал Ф. Г, Лорканың «La sombra de mi alma» атты өлеңін тарту етті. Келесі біздің қытайлық достарымыз Лян Юань және Лян Шу қытай тілінде өлең оқып, ән орындады.

Аталмыш кештің шымылдығы «халықаралық қатынастар» мамандығының 3 курс студенті М.Рахымділдаеваның анаға арналған жыр шумақтарымен жабылды

 

«Аударма -лингвистика мен әдебиеттанудың тоғысында тұрған жанды өнер» Герольд Бельгер

      1 қазан 2020 жылы Халықаралық қатынастар факультеті Дипломатиялық аударма кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Бақытов Айтқали және аға оқытушы Жанұзақова Гүлмира «Халықаралық қатынастар» және «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша оқитын 2 курс студенттерімен 1 қазан - «Аударма -лингвистика мен әдебиеттанудың тоғысында тұрған жанды өнер» тақырыбында онлайн тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты: студенттерге қызығы мен шыжығы мол аударма саласындағы тәсілдермен таныстыру, әдеби аударманың ерекшеліктері мен аударма жасаудағы ұлттық мәдени ерекшеліктерді ескерудің, лингвомәдени біліктіліктің маңызын түсіндіру. Тәрбие сағаты барысында студенттердің аударма жасау туралы пікірлері тыңдалып, кафедра оқытушысы Бақытов Айтқали студенттерге аудармада қолданылатын тәсілдер туралы баяндап, тәжірибесімен бөлісті.