Кафедра тарихы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде кафедраның қалыптасу жолындағы тарихи деректерге сүйенсек, алғаш 1937 жылы педагогика кабинеті болып ашылған және меңгерушісі С. Қожахметов болды. Педагогика жеке кафедра ретінде 1940 жылы 12 қаңтарда құрылған. Кафедра алғашында «Педагогика», одан кейін «Жалпы және этникалық педагогика» кафедрасы болып аталса, бүгінгі күні «Педагогика және білім беру менеджменті» кафедрасы болып өзгертіліп, педагогикалық бейіндегі мамандарды даярлайтын философия және саясаттану факультетінің ежелгі кафедраларының біріне айналып отыр.

Кафедраның қалыптасуы Қазақстандағы педагогикалық-психологиялық ойлардың, жалпы білім беру жүйесінің дамуымен қатарласа, университеттің даму стратегиясына сай жүзеге асырылуда. Әр жылдары кафедраның дамуы мен қалыптасуына орасан зор еңбек еткен, педагогика ғылымының ағартушы- ғалымдары мен ұлы тұлғалары басшылық жасады, атап айтқанда, Қожахметов Сұлтанбек, Қоқымбаев Шәкір Қоқымбаевич, Тәжібаев Төлеген Тажібайұлы, Сембаев Әбдіхамит Ибнеевич, Бержанов Қартбай Бекенович, Арғынов Хасен Қуандықович, Садыков Борис Жаркенович, Ахметова Гульнас Кенжетайқызы, Исаева Зауреш Әбдразақовна, Мыңбаева Айгерім Қазыевна, Булатбаева Айгүл Әбдімәжітқызы, Мукашева Анат Бекетбайқызы. Қазіргі таңда кафедраның меңгерушісі қызметін пед.ғ.к., профессор м.а. Әлқожаева Нұрсұлу Сеиткерімқызы атқарады.

Сонымен қатар, педагогика ғылымының доктор-профессорлары Қ.Б. Жарықбаев, Н.Д. Хмель, Ж.Р. Баширова, З.А. Исаева, А.Т. Табылдиев, К.Ж. Қожахметова, С.Т.Иманбаева, Д.М. Джусубалиева, педагогика ғылымдарының кандидаттары В.А. Спешилова, Т.Г. Скибина, Қ. Қойбағаров, З.У. Жантекеева, Т.М. Мешітбаев, Л.К. Ибрашева (Түрікпенова), В.И. Копылов, Е.Б.Дайрабаев, С.Н.Лактионова, Б.Мамырайым, С. Наушабаева, В.Т. Тихомирова, Б.Х. Галиева, Т.Ә. Ахметов, А.Б. Айтбаева, Г.А. Қасен, Ұ.Б. Төлешова, В.В. Шахгулари, А.Б. Отарбаева, З.М. Садвакасова, Ә.Ж. Тойбаев және т.б., аға оқытушылар Т.П. Струц, Р.Х. Хисматуллина, К.Ж. Жолтаева, С.Д. Есенжолова т.б, PhD А.Сатывалдиева,   П.Т. Абдуллаева, Д.И. Мухатаева, З.У. Ельбаева кафедраның дамуына қомақты үлес қосты.  

Қазіргі таңда кафедрада академик А.Қ. Құсайынов, ғылым докторлары Ш.Т. Таубаева, Г.К., Ахметова, Н.А. Асанов, А.Б. Мукашева, А.К. Мынбаева, А.А. Булатбаева, А.С. Мағауова, Г.А. Мұратбаева, ғылым кандидаттары Н.С. Әлқожаева, Г.А. Мамырбекова, Б.А. Аринова, Р.С. Қасымова, Б.И. Иманбекова, Қ.Ш. Молдасан, Ә.М. Құдайбергенова, Е.С., Оналбеков, М.Д. Шағырбаева, А.М. Сембаева, Ж.Ш. Бақтыбаев, А.С. Акрамова, Қ.Н. Ашекеева, С.С. Қоңырбаева, А.Б. Альчимбаева, PhD Д. Ертарғынқызы және аға оқытушылар Қ.Б., Жұмабекова, К.А. Есенова, С.Ә. Рамазанова, М.Д. Мұрзағұлова, Ж.Т. Махамбетова, т.б көптеген білікті мамандар жұмыс жасауда.

Кафедра жұмыс жасап келе жатқан уақыттан бері білім беру мен қоғамның басқа салаларында жоғары кәсіби деңгейдегі мамандар даярлап, бүгінде біздің түлектеріміз еліміздің әр түрлі түкпірлері мен шет елдерде жұмыс жасап жүр. Кафедра еңбек нарығында сұранысқа ие ғылыми –педагогикалық кадрлар мен жоғары білікті мамандар даярлауда білім беру мен ғылыми және қоғамдық орталық болып табылады.

  Педагогика және білім  беру менеджменті кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор  м.а. Әлқожаева Нұрсұлу Сеиткерімқызы 

 

 


Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы