Кафедраның тарихы

 

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дүние жүзі тарихы кафедрасы, ерте дүние және орта ғасырлар тарихы мен шетелдердің жаңа және қазіргі заман тарихы кафедраларының бірігуі негізінде 2007 жылдың 1 қыркүйегінде құрылды. 2011 ж. дүние жүзі тарихы кафедрасына тарихнама және деректану кафедрасы қосылды. Оның тарихына қатысты айтқанда, кафедраның басында 1948 жылы жалпы тарих атауымен құрылғанына тоқталған жөн. Мұнда есімдері сол кездері Қазақстанға белгілі проф. Я.Д.Серовайский, доценттер А.Н.Зайкин, Ж.О.Ибрашев, А.А.Чупеков, Л.С.Фришман, Р.К.Кайыргельдин, Б.Д.Даришев, К.П.Коржева, аға оқытушылар Б.М.Мекішев, Г.А.Нұртазиналар еңбек етеді.

1991 жылы сол кафедрадан ерте дүние және орта ғасырлар тарихы кафедрасы, ал 1995 жылы шетелдердің жаңа және қазіргі заман тарихы кафедрасы бөлініп шығады. 1991 жылы тарих факультетінде құрылған ерте дүние және орта ғасырлар тарихы кафедрасының негізін қалаушы және осы кафедраның алғашқы меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ.Т.Жұмағұлов. 2016 жылдан бастап кафедраны т.ғ.д., профессор Сұлтанғалиева Г.С. басқаруда.

1991 жылдан бастап, жалпы тарих саласында маман даярлау аясында АҚШ, Швейцария, Дания, Австрия, ГФР ғылыми орталықтары және бірқатар университеттерімен ғылыми, әріптестік байланыс орнаған. Познань және Варшава (Польша Республикасы) университеттерімен ынтымақтастық жасалған. АҚШ (АҚШ ақпарат агенттігі), Канада, Франция, Германия, Жапония, Иран, Польша сияқты және өзге де алыс шетелдердің елшіліктерімен тұрақты байланыс орнаған. Қазақстандағы Сорос қоры, БҰҰ мен ЮНЕСКО арнаулы бөлімдері, Эберт қоры, ДААД, Британдық Кеңес секілді халықаралық білім беру және ғылыми орталықтарымен де ынтымақтастық түзеліп келеді. Оған қоса, 2016-2017 оқу жылында екі дипломдық білім бағытында Ресейдің, Италия, Польша және т.б. шет елдердің университеттерімен жұмыс жасалынып жатыр.

 

Қазіргі уақытта Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының ғылыми-оқытушылық құрамы 33 адамнан тұрады. Олар - т.ғ.д., проф., Сұлтанғалиева Г.С., т.ғ.д., проф. Қ.Т.Жұмағұлов, т.ғ.д., проф. С.М.Мәшімбаев, т.ғ.д., проф. Г.К.Көкебаева,  т.ғ.д., проф. Құнапина Қ.Қ., т.ғ.д., проф. Төлебаев Т.Ә., т.ғ.д., проф. Мухатова О.Х., т.ғ.д., проф. Асылбекова Ж.М., т.ғ.к., доц. Р.С. Мырзабекова, т.ғ.к., доц. Е.Т.Қартабаева, т.ғ.к., доц. Г.С. Беделова, т.ғ.к., доц. Т.Н. Мұхажанова, т.ғ.к., доц. Ф.Н. Мийманбаева, т.ғ.к., доц. Сабденова Г.Е., т.ғ.к., доц. Алпысбаева Н.К., т.ғ.к., доц. Жакупова Г.Т., т.ғ.к., доцент Садыкова Р.О., PhD доктор, аға оқытушы Нұсқабай П.Н., аға оқытушы Нұрпейісова Б.Р., аға оқытушы Раймбекова М.Т., аға оқытушы Тоқсанбаев А.Қ., оқытушы Сүйнова А.Т., аға оқытушы Надежук Е.А., оқытушы Тулешова Ұ.Ж.

Оқытудың күндізгі және сырттай бөлімдеріндегі докторанттар мен аспиранттар, Қазақстанның басқа да аймақтарынан келетін ізденушілер кафедрада білімін жетілдіріп, ғылыми тәжірибеден өтуде.Кафедра қазіргі уақытта университет қабырғасында тарихшы маман даярлаудағы орны маңызды жалпы саны 15 асқан дара пәндердің басын қосқан. Олар - Ежелгі Шығыс тарихы, Грек және Рим тарихы, орта ғасырлар тарихы, орта ғасырлар тарихы, Азия және Африка елдерінің орта ғасырлар тарихы, әлемдік діндер тарихы, антикалық және орта ғасырлар кезеңіндегі саяси ағымдар тарихы, Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы, Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы, халықаралық қатынастар тарихы, шетелдердің жаңа және қазіргі заман тарихы. Соңғы жылдары - тарих ғылымындағы қазіргі пәнаралық зерттеулер, Қытай тарихы, Америка тарихы, әлемдік өркениеттер тарихы, Ресей және Кеңес мемлекетінің тарихы, тарих ғылымындағы теориялық методологиялық мәселелер сияқты жаңа таңдау курстары енгізілді. Студенттік алмасу және академиялық мобильділік бағдарламаларының аясында кафедра студенттері мен магистранттары, докторанттары шет елдік университеттерге тағылымдамаға жіберіліп отырады. 

Кафедра келесі білім бағдарламалары бойынша халықаралық аккредитацияны өткен:

  • § 5В020300 - Тарих
  • § 5В011400 - Тарих – педагогика
  • § 5В 011500 - Мұрағаттану, құжаттану және құжатпен қамтамасыз ету
  • § 5В091000 – Кітапхана ісі