Сөздіктің презентациясы
2015 жылдың ақпан айында жаратылыстану факультеттеріне арналған шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы К.А Жиреншинаның «Немісше-орысша-қазақша географиялық терминдер сөздігінің» презентациясы өтті. Презентацияны "Қазақ Университеті" баспа үйінің бас маманы Сәуле Серікбайқызы Жылкайдарова жасады. «Немісше-орысша-қазақша географиялық терминдер сөздігінде» ғылыми төл неміс әдебиетінен алынған "Метеорология", "География", "Гидрология", "Туризм" мамандықтарына арналған қазіргі неміс тілінің сөз тіркестері мен 12 000 терминдері жинақталған. Сондай-ақ, сөздікте география ғылымымен шектес химия, биология пәндерінің терминдері де бар. Сөздікке аралдар мен мемлекеттердің географиялық атаулары және т.б. енген. Сөздік география мамандығында оқитын студенттер мен география саласында ғылыми-көпшілік әдебиет оқушылардың кең тобына арналған. |
|