Фестиваль "Айналаңды нұрландыр"

«Айналаңды нұрландыр» – қараңғы жерден жарық тауып, жарқын өмірге жол бастау деген сөз. Әр адам жеке тұлға дейтін болсақ, әркім өзінің өмірде жүктелген міндеттерін сауатты әрі тиянақты атқару керек. Ол үшін асып бара жатқан жауапкершілікте артылмайды. Жүрген жеріңді, ортаңды, өзің жасап отырған қоғамды жамандықтан тазартып, айналаңды нұрға бөлеп, адамдармен эстетикалық тұрғыда қарым-қатынас орнатып, олардың да осы бағытта жүруіне үгіт жасау.

   Сөзімізге дәлел болу үшін осы бастаманың негізін қалаушы ректоры, Ғалым Мұтановтың өз сөзін ортаға салсақ: «Нұрландыру» дегеніміз біздің күнделікті өмірдегі мінез-құлқымыздың мейрімді, тура және әділ болуы керектігін білдіреді, кез келген жан өмірге қандай із қалдырамын деген ойды есте берік ұстауы керек. Көреалмаушылық, қызғаншақтық бар жерде еш даму болмайды. Аяқтан шалу, арызқойлық жақсы қасиеттер емес. Небір ізгі ниеттерді жастар бойына қалыптастыру арқылы өркениетке қол жеткіземіз. Өркениет арқылы, алған ілім-білімдерді жақсы іске жұмсау арқылы, тәрбиеге ден қою арқылы елді, ұлтты дамытамыз. Міне, «Айналаңды нұрландыр!» жобасының негізгі діттегені де осы» – деп атап айтты.  Бұл жобаның тек университет қабырғасында ғана емес, бүкіл ел болып қолдап жатқаны да аян. 

Жобаның іске асуына университеттіміздің ұжымы, оқытушылар мен студенттеріміз ат сатысуда. Соның ішінде, шетел тілдері кафедрасын атап айтқым келеді. Сабақтан тыс осы жобаға қатысты түрлі тематикалық тақырыптарда студенттермен әртүрлі, мысалы дөңгелек үстел, дисскуссия, жарыстар ұйымдастырудан тыс қалмайды және де жобалар тек ғана мемлекеттік тілде ғана емес, орыс және ағылшын тілінде өткізіліп отырады. Оған дәлел жақын арада факультеттер арасында өткізілген үлкен концерттік іс-шарамыз дәлел бола алады.

 

Басылым күні :  27.04.2017