Қазақстан

Химия және химиялық технология факультетінің №13 жатақханасында «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының 1 курс студенттерімен желтоқсан 4, 2015 жылы шетел тілдері кафедрасының оқытушылары Алмабаева Г., Қалиева А., Тлеугабылова З. «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында Қазақстан Тәуелсіздігінің 24 жылдық мерей тойына орай тәрбие сағатын өткізді. .

    Іс-шара барысында студенттер қазақ халқының тарихи жолының негізгі кезеңдері туралы видеофильм көрсетті, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» жайында презентация жасады . Студенттер қазақтың халық әндерін шырқады, қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде Қазақстан туралы өлеңдер оқыды, Құрманғазының күйлері домбырада ойнады.


Басылым күні :  12.12.2015