"Ромео және Джулетта"

2015ж., 20 қараша, сағ.16.30., шет тілдер кафедрасының оқытушылары Г.Б. Алмабаева және Б.Н. Ақшалова, В.Шекспирдің "Ромео және Джульетта" драмасы бойынша Химия және химиялық технология факультетінің 1 курс студенттерімен университеттің №13 жатақханасында іс-шара өткізді.

Іс-шараның мақсаты: студенттерге В.Шекспирдің "Ромео және Джульетта" драмасын түсіндіру, оның ішінде Шекспир жайында білімдерін кеңейту және «Ромео және Джульетта» қойылымын студенттер өздерінің күнделікті өмірмен байланыстырып ұсыну.

Іс-шара барысында студенттер Шекспирдің өмір-баянына арналған презентация жасады, сонет оқыды, драма бойынша сұрақ жауап жұмысы жүргізілді және кеш соңында балкондағы Джулеттаның Ромеомен тілдесуіне арналған көрініс көрсетті.

Басылым күні :  26.11.2015