Кәсіби бағдар жұмысы

21.02. 2015 ж. филология ғылымының кандидаты, доцент Г.Т. Окушева  және аға оқытушы З.М. Жанадилова  Алматы қаласының И.В. Панфилов  атындағы №54 Қазақстан-Ресей мектеп-гимназиясымен  кәсіби бағдар жұмысын жүргізді. Мектеп бітірушілермен ағылшын тілін оқып-үйренудегі білімдерін тексеруге байланысты "Ағылшын тілінде сөйлейтін елдер -The USA, the UK of Great Britain and Northern Ireland" тақырыбына тестілеу жұмысын жүргізді.  Оқушыларға Университет жайлы және әрбір факультет туралы, сонымен қатар ағылшын тілінде оқуға мүмкіндіктің барлығы, академиялық ұтқырлық бағдарламасы туралы, әскери кафедра және үздік оқығандарға жеңілдіктер болатыны туралы ақпараттар берілді  және де университет сайтымен таныстырды. Презентация барысында «Қазақ университеті» газеті және факультет туралы буклеттер қолданылды.


Басылым күні :  16.10.2015