“Абай және оның шығармалары”

26.02.2015ж. Халықаралық қатынастар факультетінің 503-аудиториясында “English Club” үйірмесі  “100 кітап” жобасы аясында Абайдың 170 жылдық мерейтойына арналған “Абай және оның шығармалары” атты кеш өтті. Іс-шарада Философия және саясаттану, Шығыстану, Тарих, археология және этнология факультеттерінің студенттері қатысты. Студенттер ән, өлендер, сахналық қойылымдар, би дайындады.  Кеш үш тілде өтті. Кешті ұйымдастырған Карашина Г.Т., Оразаева Г.А., Хошаева Г.Б.

Басылым күні :  16.10.2015