Сценарий талқылау

05.02.2015

Көрулер: 4958

2015 жылдың 5-6 ақпанында «Мұрагерлер» еріктілер қозғалысының мүшелері Алматы қаласындағы мамандандырылған «Жанұя» кешенінде «Айналаңды нұрландыр» бағдарламасымен үстіміздегі жылдың 20 ақпанында өтетін «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін» атты шарасы бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп, шара бойынша сценарий талқыланды.

Ұйымдастыру шарасына «Мұрагерлер» еріктілер қозғалысының жетекшісі филол.ғ.к., доц. П.Т. Медетбекова, оқытушы Г.Е. Борибаева, қызмет. А. Аушенова және 2 курс магистранты Ұ. Парманова, т.б. студенттердің қатысуымен өтті.