Алғыс білдіру күні

25.11.2014

Көрулер: 5696

Шет тілдерін үйрету лингвистикалық құзіреттілігін дамытып қана қоймай, сонымен бірге үйреніп те отырған тілдегі елдің мәдениетімен студенттерді таныстыру. Басқа елдің мәдениетінің элементінің туған мәдениетіңді білумен салғасытур мәдени көріністің ерекшелігін танып-білуге, бұл ерекщшеліктерді болмыс ретінде басқа мәдениет тасымалдаушыларының қарым-қатынасын ескеруге, басқа халықтың әдет-ғұрпына құрмет сезімімен қарауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты ағылшын тілді елдердегі маңызды әдет-ғұрыптардың бірі – Алғыс білдіру күні. Бұл күнді қараша айының төртінші бейсенбісінде тойлайды. Алғыс білдіру күнінің басқа да атауы бар – Өнім күні, немесе егісті жинау күні, бірақ бұл күні тек қана егіс үшін рахмет айтпайды, сонымен қатар, өмір бізге сыйға тартқан басқа өнімдер: денсаулық, адамға керек болу, бақытты және еліңе пайдалы болу.

Осы мейрам қарсаңында «Айналаңды нұрландыр» әлеуметтік-инновациялық жоба аясында, 2014 жыл 25-қараша сағат 19:00-де №17 жатақханада, Жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасының мұғалімдері Мұстафина Г.Қ., Камзина А.А., Сапарходжаева Н.П., және Шакенова В.Б., шет тілі:екі шеті тілі және шете филологиясы мамандығының 1-3 курс студенттерімен бірігіп концерттік бағдарлма ұйымдастырды және көрермендерге жақсырақ болуға жне өмірге алғыс айту керегі туралы ойды жеткізуге тырысты. Рақымды болу деген өзіңде бар нәрсені бағалау. Рақымды болу, бұл жан-дүниесі бай және жүрегі таза болу.