Филология ғылымдарының докторы, профессор Мәдиева Гүлмира Баянжанқызыың ғылыми-педагогикалық қызметіне 35 жыл

21.01.2018

Көрулер: 4811

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология және әлем тілдері факультеті,жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының ұжымы кафедрамеңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор МәдиеваГүлмира Баянжанқызын ғылыми-педагогикалық қызметіне 35 жыл толумерейтойымен шын жүректен құттықтайды.Мәдиева Гүлмира Баянжанқызы 1958 жылы 21 қаңтарда Алматықаласында дүниеге келген. 1979 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалықинституты филология факультетінің орыс бөлімін бітірді. 1990 жылыаралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетініңаспирантурасын бітірді. 1996 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,филология факультеті, жалпы тіл білімі кафедрасында өз қызметінжалғастырды: бастапқыда аға оқытушы қызметінде, 1997 ж. бастап доцент,2007 ж. бастап профессор. 2005 жылы ҚазҰУ-дың докторантура жүйесінаяқтап, «Қазіргі Қазақстанның ономастикалық кеңістігі: құрылымы,семантикасы, прецеденттілігі, лемматизациясы» атты тақырыпта докторлықдиссертация қорғады. Ғылыми кеңесші – академик А.С. Аманжолов. 2000жылдың қараша айы және 2002 жыл, кейін 2009 және 2011 жылдараралығында жалпы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі, екі кафедра (жалпытіл білімі кафедрасы және шетел филологиясы кафедрасы) біріктірілген соң2011 ж. қазіргі дейін жалпы тіл білімі және шетел филологиясыкафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды, 2015 ж. бастап бұл кафедражалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасы болып аталады.Г.Б. Мәдиеваның ғылыми жетекшілігімен 1 докторлық диссертация , 8кандидаттық диссертация және PhD докторы атағына 4 диссертацияқорғалды. Қазіргі таңда PhD докторанттардың ғылыми жетекшісі.«Словарь по языкознанию. Тiл бiлiмi сөздiгi» (Сорос-Қазақстан қоры)авторлар ұжымының мүшесі, «Қазіргі қазақ тілінің лексикографиялықсипаттамасы» (ИНТАС гранты) ғылыми жобасының жүзеге асуына үлесқосқан, Қазақстанның жалпы білім беретін мектептеріне арналған ҚР БҒМорыс тілі оқулықтарының (7 және 8 сыныптарға арналған) және ЖООарналған оқу құралдарының авторы. 300-ге жуық ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектер жариялады, сонымен қатар оқу құралдары жәнемонографиялар: «Ономастика теориясы және практикасы» (9, 5 б.б.) оқуқұралы, «Ономастиканың теориялық негіздері» (2011, проф. В.И. Супрунменбірлескен авторлықта – Ресей) оқу құралы, «Таным мәнмәтініндегі жалқыесім» (2004, 12 б.б.; 2010, 14,9 б.б.) монографиясы. Монография ҚР БҒМ РБКжәне РҒА Тіл білімі институтымен (Мәскеу) ұсынылған. Елеуліжетістіктерінің бірі – үйлесімді шығармашылық топтың құрамында қазіргіуақытта тұтынушылардың ауқымды аясында белсенді қолданысқа түсіпжүрген «Қазақ тілінің Алматы корпусы» жобасының әзірленуіне қосқанүлкен үлесі. Корпус Экономика жоғары мектебі (Мәскеу, Ресей)оқытушыларының белсенді түрдегі көмегімен іске асырылды. Қазіргіуақытта әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Информатика кафедрасының
оқытушылары, докторанттары және магистранттарымен бірлескен «Қазақтілінің медиакорпусын» жасаушылардың бірі.Белсенді оқу, ғылыми-зерттеужәне қоғамдық жұмыстары үшін алғыстары мен марапаттары бар. 2008 ж.және 2014 ж. ҚР БҒМ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағыберілді, 2006 ж. «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ең үздік ғылыми-зерттеужұмысы үшін» дипломымен марапатталды, факультеттің қоғамдық өмірінебелсене қатысқаны үшін факультет алғысымен марапатталды, «әл-Фарабиатындағы ҚазҰУ-ға 80 жыл» медалімен марапатталды, университеттіңғылыми өміріне белсене қатысқаны үшін алғыс хаттары мен мадақтамаларыбар.
Құрметті Гүлмира Баянжанқызы!
Сізді ғылыми-педагогикалық қызметіңізге 35 жыл толу мерейтойыменшын жүректен құттықтаймыз! Таңдаған мамандығыңыздың қыр-сырыншебер меңгеріп, кәсіптік деңгейіңіз сай болғандықтан, күн санап көркейіп,ғаламдық өркениетке құлаш ұрған университетіміздің филология және әлемтілдері факультеті, жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасынабыроймен басқарып келесіз. Өзіңіз басқарып отырған кафедра ұжымыСізді үлкенге ілтипатты, кішіге қамқор, қатарластарына адал дос,шәкірттеріне мықты кеңесші бола білген ұлағатты ұстаз, әділдігіжарасқан білікті басшы ретінде үлгі тұтады. Терең білім, берік ұстаным,іскерлік қабілет және парасаттылық қасиеттеріңіз сізді зор құрметкебөледі. Қазақстан Республикасының білім және ғылымының даму жолындашәкірттер тәрбиелеп, еліміздің әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30мемлекеттің қатарына қосылуы үшін тынымсыз еңбек етіп келесіз.“Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға...”-деп Абай атамызайтқандай, шәкірттеріңізді білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беріп,жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдарберуде еңбегіңіз зор. Шәкірт тәрбиелей жүріп, ұстаздығыңыздышығармашылық және басшылық жұмыспен ұштастыра білдіңіз.Сондықтан да сіз қасиетті, кемеңгер тұлға ретінде ерекшеленесіз.Сізге зор денсаулық, ұзақ өмір, қажымас қайрат, мол шығармашылықтабыс, баянды бақыт тілейміз! Әрқашан осындай жігерлі, қуаттықалпыңыздан таймай, әлі де талай асулардан аса беріңіз!Ашу үшін қоғамның кең тынысын,Мақсат қойып көркейтуге ел ішін.Сарпылған күш, етілген мол еңбектіңОсы шығар көретін кез жемісін.Парасатпен алысты әркез болжайтынҰжым үшін қалт еткенді аңдайтынӨзіңіздей асыл ұстаз көп болсын,Шәкірттерін қашан-дағы қолдайтын!
Ізгі ниетпен,Әл-фараби атындағы ҚазҰУ,Филология және әлем тілдері факультеті,Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының ұжымы.