Жаңалықтар

Доцентіміздің Стамбул университетіне сапары

22.10.2022

2022 жылдың 22 қазанында Түркияға кезекті сапары барысында Бектемірова Сәуле Бекмұхаммедқызы Стамбул университетінің профессоры Сапашев Оразмен кездесті. Бұған дейін университетімізде көптеген жобаларды бірлесіп жүзеге асырған ғалымдар қазір қандай тың жобалармен айналысып жатқандарымен бөлісті.

Ары қарай оқу >>

Вашингтон университетінің профессорлары кафедрамызға келді

17.10.2022

 

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультеті түркітану және тіл теориясы кафедрасына арнайы ғылыми іссапармен Вашингтон университеті (АҚШ) Таяу Шығыс тілдері және өркениеті кафедрасының профессоры, PhD докторы Талант Мауқанұлы және Гиссен университетінің (Германия) профессоры, PhD докторы Майкл Рейнхард Гесс келді.
Келген түркітанушы ғалымдарымыз алғашқы күндерін түркітану мамандығында оқитын студент, магистрант, докторант, әріптестерге өздерімен, ғылыми зерттеу бағыттарымен таныстырудан бастады.
Алдағы күндері Вашингтон университетімен екі жақты келісім шарт орнату, ғалымдарымыздың ашық дәрістерін тыңдау және т.б. біраз жоспарлар іске асырылмақ.

Ары қарай оқу >>

Профессор Ораз Мұзаффардың университетімізге келуі

13.10.2022

Ораз ағай, біздің қарашаңырақ ҚазҰУда!
Әр күнгі ақпаратқа құлағы түрік жүретін ізденушілерге бүгінгі аяқ-асты ұйымдастырылған мәнді де мазмұнды, ғылыми танымдық, тағылымдық дәрістің берері мол. Ағайдың әрбір көтерген ғылыми ойлары көптеген идеялардың туындауына түрткі болды.

Ары қарай оқу >>

"Құтлығ қаған жазуы" тақырыбындағы дөңгелек үстел

03.09.2022

🔓Бүгін біз түркітану ғылымы үшін айтулы құбылыстың куәсі болдық.
🔓Құтлық қаған жазуының табылуы - түркі жұрты үшін ғана емес, жалпы өркениетті адамзат қауымы үшін баға жетпес құндылық екенін мойындауымыз керек.
🔓Бүгін университетіміздің Әл-Фараби кітапханасында ректорымыздың арнайы шақыруымен келген экспедиция мүшелері Халықаралық Түркі академияның ғылыми қызметкері Н. Базылхан мен Моңғолия Ғылым академиясы Археология институтының жетекші, ғылыми қызметкері А. Энхтөр мырзалардың тастың табылу тарихы мен ондағы жазу жайлы мағлұматтарды өз ауыздарынан естіп, жаңа табылған көне жәдігерді салыстырмалы-салғастырмалы тарихи зерттеулер арқылы маңызын арттыру, идеялары мен жетістіктерін талқылау, текстологиялық жағынан жүйелеу – ендігі жерде ғалымдарымыздың мойнындағы жаңа міндеттердің бірі болатындығына көз жеткіздік.
🔓Шын мәнісінде бүгінгі өткізілген ғылыми дөңгелек үстел жаһандық түркі әлемін дүр сілкіндірген «ҚҰТЛЫҚ ҚАҒАН ЖАЗУЫ» – әлемдік ғылыми кеңістікте жоғары бағаланатын, зерделі зерттеулерге жол ашатын, ұрпақ игілігіне қызмет ететін, үлкен ғылыми мектептің желісін жалғастыратын, ғылыми сабақтастық орнататын – құнды мұраның болатындығын көрсетті.

Ары қарай оқу >>

Ыстық көлде өткен семинар

20.08.2022

Бүгін «ТҮРКІ РУХАНИЯТЫНЫҢ ӘЛЕМДІК ӨРКЕНИЕТКЕ ЫҚПАЛЫ» атты жазғы ғылыми семинарымыз ары қарай өзінің жалғасын тапты. Бұл ғылыми семинардың өзгешелігі - басқа ғылым салалары ғалымдарының (тілші, әдебиетші, тарихшы, шығыстанушы, географ, математик, химик, эколог, физик, және т.б.) бастары бір арнада тоғысып, түрлі ғылыми зерттеулерді бірге тыңдап, бірге талқылауы еді.
Ғылыми семинарда:
Раушан Авакованың “Түркі өркениетінің әлем мәдениетіне ықпалы: лингвистикалық экскурс”;
Нұржамал Алдабектің “Ұлы Жібек жолы және түркі-қытай мәдениетінің өзара ықпалдастығы”;
Майра Жүністің “Қазақстандағы қашқаритану: лингвистикалық аспект”;
Ләззат Спанқұлованың “Үйдегі қарым қатынас тілі және сақтандыру нарығы”;
Сейілхан Азаттың “Жастарды ғылымға тарту және оның маңызы”;
Ерлан Досжановның “Экологические проблемы и аспекты культуры номадов Евразии”;
Рашид Керімбаевтың “Әл-Хорезми: Әлджәбір мен уәлмүкәбәла”;
Сәуле Бектемірованың “Түркі халықтары жайлы ғаламтор желісіндегі жаңа мәліметтер”, және т.б. тақыптар бойынша баяндама жасалып, ой-пікірлері ортаға салынып, қазіргі таңда ғылымдар тоғысындағы зерттеулердің өзекті екендігі айтылды.
Түркі әлеміне арналған осындай игі-шаралардың басы-қасында жүріп, жоғары дәрежеде өтуіне бірден-бір себепші болған түркітану және тіл теориясы кафедрасының ұжымына, меңгерушіміз, профессор Раушан Әмирдинқызы Аваковаға алғысымызды білдіреміз.

Ары қарай оқу >>

Жазғы ғылыми семинар

18.08.2022

Бүгін бауырлас Қырғыз елінің Ыстықкөл жағасындағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың спорт-сауықтыру лагерінде «ТҮРКІ РУХАНИЯТЫНЫҢ ӘЛЕМДІК ӨРКЕНИЕТКЕ ЫҚПАЛЫ» атты ЖАЗҒЫ ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР басталды.
Еліміз тәуелсiздiкке қол жеткiзген жылдардан бері халықаралық, мемлекетаралық және этносаралық саяси-мәдени қарым-қатынастарда түркi әлемiнде ғана емес, дүниежүзiне танымал мемлекетке айналып үлгердi.
Кез келген өркениет мәдени мұраны сақтау, зерделеу және оны халық игiлiгiне жарату арқылы қайта түлеп отырады. Ал бұл үрдiс қазiргi заманда тек қана өзге мәдениеттер аясында, адамзаттық, ғаламшарлық ауқымда пайымдалғанда ғана жалпы мәдени кеңiстiктен өз орнын белгілей алады. Шығыстан Батысқа немесе Батыстан Шығысқа ауысқан небір мәдениеттің Ұлы көшін бастан өткерген Еуразияның сайын даласы қазiргi қазақстандықтардың мекені. Сондықтан да мұндай ортақ жолмен жүру бiздiн тарихи дәстүрiмiзде жатыр.
Тәуелсіздік алғаннан кейін астанамызда шаңырақ көтерген «Түркі академиясы», ЖОО-да бакалавр, магистратура, докторантура бойынша «Түркітану», «Түркі филологиясы» (биыл жаңадан ашылды) сынды білім беру бағдарламалары, жақында ғана университет деңгейінде ашылған «Түркітану және Алтайтану» институты – қазіргі таңда түркі халықтарының ортақ құндылықтарын әлемдік өркениет аясында зерделеудi, дүние жүзінің түркітанушы ғалымдарымен тізе қосып, бiрлiк пен ынтымақтастық аясында шынайы ғылыми ізденістерге ұмтылуды мақсат етуді көздеуде.
Осы тұрғыдан «ТҮРКІ РУХАНИЯТЫНЫҢ ӘЛЕМДІК ӨРКЕНИЕТКЕ ЫҚПАЛЫ» атты жазғы ғылыми семинарда жасалған баяндамалардағы ғалымдардың тың идеялары мен терең ізденістері - ғылыми жиын тақырыбының өзектi екендігін байқатты.
Ғылыми семинарға қатысушылардың алдағы күндеріне де жемiстi нәтиже, жаңа идеялардың сәттi шешiлуiн тiлеймiн.

Ары қарай оқу >>

"ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ӘЛЕМДІК ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР КЕҢІСТІГІНДЕ" конференциясы

23.01.2022

 

 

2021 ж. 9-10 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан), Хаджетеппе университеті (Анкара, Түркия), Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университеті (Мәскеу, Ресей Федерециясы), Ұлығбек атындағы Өзбекстан ұлттық университеті (Ташкент, Өзбекстан), Мажарстан ғылым академиясы (Будапешт, Мажарстан), Стамбул университетінің жанындағы Фараби атындағы Еуразия ғылыми зерттеулер Орталығы (Стамбул,Түркия) бірлесіп, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай

«ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ӘЛЕМДІК ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР КЕҢІСТІГІНДЕ» атты Халықаралық онлайн

конференция өтті.

Ары қарай оқу >>

Жамбыл Жабаев – қазақтың ұлы ақыны

10.12.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология факультеті Түркология және тіл теориясы кафедрасының «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 4 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Жамбыл Жабаев – қазақтың ұлы ақыны» атты ашық тәрбиелік іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара 10.12.2021ж. сағат 09:00 зум платформасында өткізілді. Іс-шара өте жоғары деңгейде болды. Іс-шара ұйымдастырушылары: аға оқытушы Утемгалиева Н.А., доцент Медетбекова П.Т., оқытушы Несипбай Г., оқытушы Контек А.  

Ары қарай оқу >>