Кафедраның тарихы

Халықаралық, пән аралық «Энергоэкология» кафедрасының 2011 жылдың қыркүйек айында ашылуы мемлекетіміздің басшысы Н.Ә. Назарбаевтың ХХI ғасырдағы тұрақты дамудың ғаламдық энергоэкологиялық стратегиясына және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың зерттеу университетіне трансформацияланудағы практикалық қадамдарының бірі болды.

2014 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ арнайы орталық ашу бастамасын көтерді – тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы. Бұл кафедраның негізгі қызметі Орталық Азия аймағында тұрақты даму және экология саласының проблемаларын шешу үшін серіктес университеттердің оқу, ғылыми-зерттеу және әлеуметтік қызметін мобилиздеу.

Аталмыш бастаманы ЮНЕСКО мәселелері бойынша ҚР Ұлттық комиссиясы мен ИСЕСКО қолдады және оның іс-шаралар жоспарына енді, осы бастаманың негізінде 2015 жылдың шілде айында энергоэкология кафедрасы тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы болып өзгертілді.

2012 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тұрақты даму бойынша РИО+20 Бүкіләлемдік саммитте ұсынылған «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» Еуразиялық платформа негізінде экология мен ресурсты үнемдеу саласында үлкен жұмыс атқарып жатыр. Оның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының Басшысы Н.Ә. Назарбаевтың ХХI ғасырдағы тұрақты дамудың ғаламдық энергоэкологиялық стратегиясына және «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламаға және «ЭКСПО-2017» бүкіләлемдік көрмеге дайындалуға ғылыми және академиялық қауымдастықтағы жастарды жұмылдыру.

 

Алғашқы кафедра меңгерушісі

2011- 2013 жж.

х.ғ.к., профессор м.а

Төреғожина

Жанна Расуловна

 

Кафедра меңгерушісі

2013-2015 жж.

2018 жылдан бастап қазіргі таңға дейін  

г.ғ.к., доцент

Базарбаева

Тұрсынкүл Аманкелдіқызы

 

Кафедра меңгерушісі

2015-2018 жж. 

б.ғ.д., Киото университетінің прфессоры (Жапония)

Ященко

Роман Васильевич

 

 

 

Кафедра заманауи зерттеу әдістерін меңгерген, экологиялық жағдайларды моделдеу мен болжау және қоршаған ортаны қорғау проблемаларын кешенді шеше алатынбәсекеге қабілетті және еңбек нарығында жұмыс берушілермен сұралатын мамандарды келесі мамандықтар бойынша дайындайды: 6B05202 – Экология; 6B11201- Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, 6B11202- Экологиялық инжиниринг, 7M05211 - Экология (ғылыми және педагогикалық бағыт), 7M05216 - Экологиялық топырақтану, 7M05209 - Геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару, 7M05213 - Экология және табиғатты пайдалану (БелМУ мен қос диплом),  6M073100 - Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау (ғылыми және педагогикалық бағыт), 6М091100 - Геоэкология және табиғатты пайдалану (ғылыми және 8D05207 -Экология, 8D05205 - Геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару.

Кафедра ұжымында оқытушылар және әр түрлі мамандықтар бойынша еңбек тәжірибесі бар және ғылыми жұмыстарын әр түрлі салаларда мысалы: экология, география, биология, химия, физика, тіршілік қауіпсіздігі, математика, философия және т.б. жүргізген ғылыми қызметкерлер жұмыс жасайды.