Әлеуметтiк - тәрбиелiк қызмет

 

 

2018 жылдың 28 сəуір күні Орыс филологиясы жəне əлем əдебиеті кафедрасының оқытушылары География жəне табиғатты пайдалану факультетінің студенттерімен Абай атындағы опера және балет театрында "Севильский цирюльник" операсының шығарылымын тамашалап қайтты. Спектакль өте жоғары дəрежеде өтті!

2018 жылдың 27 сəуір күні "Геодезия жəне картография" мамандығының студенттері Əбілхан Қастеев атындағы өнер музейін тамашалап қайтты. Музейде "Қазақстан халықтарының бірлігі күні" аталып өтілді. Мерекеде еркін күрес бойынша Қазақстан Республикасының спорт шебері, 2000-шы жылы Сиднейде өткен олимпияданың күміс жүлдегері Ислам Байрамкулов болды. Студенттеріміз музейден тамаша əсер алды!

14 сәуір 2018 жылы "Жүз кітап" жобасы аясында Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрда "Лебединое озеро" атты балет қаралды және талқыланды. Қатысушылар: география және табиғатты пайдалану факультеті студенттері, халықаралық қатынастар арнайы тобы. Ұйымдастырушы: Төребекова Р.С.

 

Сәуір айының 11-ші жұлдызында «Айналаңды нұрландыр» және «100 кітап» жобалары аясында Ғ. Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Телгара» қойылымы көрсетілді. Көрсетілімнен соңынан қойылым талқыл анды. Іс-шараның жастарға беретін тәрбиелік мәні өте зор,әрі қызықты. Іс-шараға физика-теxникалық факультетінің 1 курс студенттері қатысты. Ұйымдастырушы: филология және әлем тілдері кафедрасының оқытушысы Ысқақова А.

Сәуір 2018 жылы "Жүз кітап" жобасы аясында М.Ю.Лермонтов атындағы Орыс драма театрда "Филумена" атты спектакль қаралды және талқыланды. Қатысушылар: биология және биотехнология факультеті студенттері, биотехнология арнайы тобы (БТ-17-06)Ұйымдастырушы: Хайрушева Е.Е.

2018 жылдың 31 наурыз күні Жастар ЛОФТ-орталығында ұйымдастырылған "Baursak party" шарасына кафедра оқытушылары Алдабергенқызы Л. және Мейрбекова М.М. халықаралық қатынастар факультеті студенттерімен бірге белсене қатысты.

 17 наурыз 2018 жылы "Жүз кітап" жобасы аясында М.Ю.Лермонтов атындағы Орыс драма театрда "Пигмалион" атты спектакль қаралды және талқыланды. Қатысушылар: география және табиғатты пайдалану факультеті студенттері, халықаралық қатынастар арнайы тобыҰйымдастырушы: Төребекова Р.С.

2018 жылдың 10 наурыз күні «100 кітап» жобасы аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ХҚФ корпусының 118 аудиториясында белгілі ақын Э.Асадовты еске алу кеші өтті. Ұйымдастырушылар: кафедра оқытушылары Алдабергенқызы Л. және Мерйбекова М.М.

 

2018 жылдың 6 наурызында Олжас Сүлейменовтың жұмысына арналған оқырмандар сайысы өтті. Қатысушылар: филология және әлем тілдері факультетінің «Екі шет тілі» мамандығының 2 курс студенттері. Ұйымдастырушы: Ж.Х. Салханова.

2018 жылдың 16 ақпанында "Білім алу жүйесі. АҚШ және Қазақстанның білі алу жүйесінің ерекшеліктері" тақырыбында пікірсайыс өтті. Пікірсайысқа әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің филология және әлем тілдері факультетінің, физика-техника факультетінің, биология және биотехнология, Жоғарғы бизнес және экономика мектебінің студенттері мен "Флагман" бағдарламасы аясындағы, орыс тілін оқитын америкалық студенттер қатысты.


16 ақпан  2018 жылы «Жүз кітап»  жобасы аясында Н. Сац атындағы драма театрда «Петербургдан инкогнито» атты спектакль қаралды және талқыланды. Ұйымдастырушылар: Хайрушева Е.Е., Іскакова А.Т.

18 қаңтар 2018 жылы "Жүз кітап" жобасы аясында М.Ю.Лермонтов атындағы Орыс драма театрда "Горе от ума" атты спектакль қаралды және талқыланды. Қатысушылар: халықаралық қатынастар факультеті студенттері, халықаралық қатынастар арнайы тобы. Ұйымдастырушы: Алдабергенқызы Л.

2017 жылдың 8 желтоқсан күні "Жүз кітап" жобасы аясында М.Ю.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрда "Ревизор" атты спектакль қаралды және талқыланды. Қатысушылар: халықаралық қатынастар факультеті стденттері, "Халықаралық қатынастар" (арнайы тобы), "Аймақтану" тобы. Ұйымдастырушылар: Томанова Н.М. және Алдабергенқызы Л.


2017 жылы 6 желтоқсанда «Айналаңды нұрландыр» бағдарламасы аясында «Саяси жағдайдың желтоқсан оқиғасына әсері» атты тақырыпта іс-шара өтті. Қатысушылар: философия мен политология факультеті студенттері. Ұйымдастырушылар: орыс филология және әлем әдебиеті кафедрасының оқытушылары Томанова Н.М. және Алдабергенқызы Л.

 

28 қараша 2017 жылы "Айналаңды нұрландыр" жобасы аясында Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар және жасқспірімдер театрда "Желтоқсан желі" атты спектакль қаралды және талқыланды. Қатысушылар: халықаралық қатынастар және философия мен политология студенттері. Ұйымдастырушылар: Томанова Н.М. және Алдабергенқызы Л.

2017 жылы 24 қарашада орыс филология және әлем әдебиеті кафедрасының оқытушылары Салханова Ж.Х., Сансызбаева С.Қ., Ахметжанова А.И., Хайрушева Е.Е. Алғашқы Президент күніне арналған «Елбасы жолы» атты тақырыпта мерекелік дөңгелек үстелін өткізді. Мерекелік іс-шараға заң факультетінің 1,2 курс студенттері катысты.


 17 қараша 2017 ж. Н. Сац ат. драмалық театрда «100 кітап» жобасы аясында Сервантестің «Человек из Ламанчи» шығармасы желісіне құрылған мюзиклға қатысу және талқылау өткізілді. Ұйымдастырушылар: Төребекова Р.С., Хайрушева Е.Е., Чекина Е.Б., Жаппарқұлова Қ.Н. 
  Орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасы мұғалімдерінің ұйымдастыруымен  8 қараша  2017 жылы «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Красная книга Казахстана» атты іс-шара өткізілді. Іс-шараға биология және биотехнология факультеттерінің 1 курс студенттері қатысты. Ұйымдастырушылар: Хайрушева Е.Е., Төребекова Р.С.
Орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасы мұғалімдерінің ұйымдастыруымен  7 қараша  2017 жылы «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «ГМО: за и против» атты іс-шара өткізілді. Іс-шараға биология және биотехнология факультеттерінің 1 курс студенттері қатысты. Ұйымдастырушылар: Хайрушева Е.Е., Төребекова Р.С.
 

Орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасы мұғалімдерінің ұйымдастыруымен  27 қазан  2017 жылы «Жүз кітап» жобасы аясында «Поэзия – это язык души» атты іс-шара өткізілді. Іс-шараға география және табиғатты пайдалану факультеті мен биология және биотехнология факультеттерінің 1 курс студенттері қатысты. Ұйымдастырушылар: Чекина Е.Б., Жаппарқұлова Қ.Н., Төребекова Р.С., Жусанбаев С.Р.

 
 

Орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасы мұғалімдерінің ұйымдастыруымен  14 қазан  2017 жылы «Жүз кітап»  жобасы аясында М.Әуезов  атындағы драма театрда «Тендрге түскен келіншек» атты спектакль қаралды және талқыланды. Ұйымдастырушылар: Қасымова Р.Т., Сабирова Г.Б., Жаппарқұлова Қ.Н.

13 қазан 2017 ж. Н. Сац ат. драмалық театрда «100 кітап» жобасы аясында У. Шекспирдің «Ромео и Джульетта» шығармасы желісіне құрылған спектакльге қатысу және талқылау өткізілді. Ұйымдастырушылар: Хайрушева Е.Е., Төребекова Р.С.
28.11.2016 ж. «Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына қарай». Ұйымдастырушылар: Қасымова Р.Т., Сарсекеева Н.К., Мейрамгалиева Р.М.
  16.11.2016 ж. «Денесі саудың рұхы сау». Ұйымдастырушылар: Байгазиева Н., Мейрамгалиева Р.М.
  21.10.2016. Театр өнер кеші. Ұйымдастырушылар: Қасымова Р.Т., Хайрушева Е.Е.
  15.11.2016 ж. «100 кітап» жобасы аясында «Орыс классиктері шығармаларындағы Күзгі палитра» іс-шара өтті. Ұйымдастырушылар: Қасымова Р.Т., Сарсекеева Н.К., Мейрамгалиева Р.М.
  04.11.2016 ж. «100 кітап» жобасы аясында биология және биотехнология факультетінің 1-курс студенттерімен Сергей Есениннің туғанына 110 жыл толуына арналған іс-шара өтті. Ұйымдастырушылар: Чекина Е.Б., Айнабекова Г.Б., Хайрушева Е.Е., Төребекова Р.С.
  27.04.2016 ж. «Айналаңды нұрландыр» бағдарламасы аясында «Никто не забыт, ничто не забыто» атты тақырыпта іс-шара өтті. Ұйымдастырушылар: Тлеубай Г.К., Ахметжанова А.И., Жусанбаева А.Т.

12.04.2016 ж. «Айналаңды нурлаңдыр» бағдарламасы аясында «Наурыз - праздник рождения весны» атты тақырыпта іс-шара өтті. Ұйымдастырушылар: Абылкасымова Б.Б., Тлеубай Г.К., Кенжеева К.Т.
  02.04.2016 ж. «Культ здорового тела» бағдарламасы аясында «Культура здорового тела» атты тақырыпта іс-шара өтті. Ұйымдастырушылар: Кенжеева К.Т., Жусанбаева А.Т. , Зуева Н.Ю., Аманбаева Ю.К., Төребекова Р.С.
  03.03.2015 ж. «Айналаңды нұрландыр» бағдарламасы аясында «8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне» орай «Көрнекті әйел дипломаттар» атты тақырыпта «халықаралық қатынастар» мамандығының 1-курс студенттерімен іс-шара өтті. Ұйымдастырушылар: Төребекова Р.С., Хайрушева Е.Е., Тлеубай Г.К.
  28.02.2016 ж. «Гринкампус» бағдарламасы аясында Философия және саясаттану факультетінің «Әлеуметтік жұмыс»; «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану»; «Әлеуметтану» мамандықтарының студенттерімен «Таза қала - Астана» қоғамдық фондының председателі, эколог, биология ғылымдарының кандидаты Л.Х.Ақбаевамен «Алматы қаласының тау ауқымын сақтау» тақырыбында кездесу өтті. Ұйымдастырушылар: Хайрушева Е.Е., Төребекова Р.С., Жусанбаева А.Т., Тлеубай Г.К.
  28.11.2015 ж. «Айналаңды нұрландыр» бағдарламасы аясында Философия және саясаттану факультетінің «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының 1-курс студенттерімен Ықылас атындағы Республикалық музыкалық аспаптар музейін тамашалау ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылар: Төребекова Р.С., Хайрушева Е.Е., Тлеубай Г.К., Чекина Е.Б., Кенжеева К.Т.
   26.10.2015 ж. «100 кітап» бағдарламасы аясында Философия және саясаттану факультетінің «Әлеуметтік жұмыс»; «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандықтарының 1-курс студенттерімен «Души, прекрасные порывы» атты тақырыпта іс-шара өтті. Ұйымдастырушылар: Хайрушева Е.Е., Тлеубай Г.К., Төребекова Р.С., Ахметжанова А.И.
   25.09.2015 ж. «100 кітап» бағдарламасы аясында Философия және саясаттану факультетінің «Дінтану» мамандығының 1-курс студенттерімен «Менің сүйікті жазушым» атты тақырыпта іс-шара өтті. Ұйымдастырушылар: Ахметжанова А.И., Тлеубай Г.К., Хайрушева Е.Е., Төребекова Р.С.
  24.02.2015 ж. «100 кітап» бағдарламасы аясында «Орыс әдебиетінің дипломаттары – А.С. Грибоедов және Ф.И.Тютчев» атты «халықаралық қатынастар» мамандығының 1-курс студенттерімен іс-шара өтті. Ұйымдастырушылар: Төребекова А.И., Хайрушева Е.Е., Тлеубай Г.К.
   02.04.2015 ж. сағ 19:00-20:00 аралығында №17 жатақханада «100 кітап» бағдарламасы аясында 1-курс студенттерімен «Есенин және Мақатаев» атты іс-шара өтті. Ұйымдастырушылар: Тлеубай Г.К., Абилкасымова А.И.,  Хайрушева Е.Е., Төребекова Р.С.
   16.03.2015 ж. "100 кітап" жобасы аясында №17 студенттер жатақханасында ФӘӘТ факультетінің 2-3 курс студенттерімен Ф. Тютчев шығармашылығына арналған әдеби кеш өткізілді.  Ұйымдастырушылар: Мейрамгалиева Р.М., Кенжеева К.Т., Утепова Р.И.
  24.02.2015 ж. "Айналаңды нұрландыр" жобасы аясында Д.А. Қонаевтың мұражай-үйіне барып, "Халықаралық құқық" мамандығының 1 курс қазақ бөлімінің студенттерімен "Еліміздің ұлы тұлғалары" атты тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Ұйымдастырыушылар:  Салханова Ж.Х., Аманбаева Ю.К., Абаева Ж.С.
   10.02.2015 ж. «Дені саудың – жаны сау» бағдарламасы аясында «Internetional SOS Almaty» клиникасының MS докторы Т.Б.Джаламовпен «Жұмыс үстелінің эргономикасы» атты тақырыпта кездесу өтті.
02.02.2015 ж. Философия және саясаттану факультетінің «Мәдениеттану», «Педогогика және психология» мамандықтарының 1-курс студенттерімен "100 кітап" бағдарламасы аясында «Абай және Пушкин» атты іс-шара өткізілді.  Ұйымдастырушылар: Тлеубай Г.К., Төребекова Р.С., Ахметжанова А.И., Хайрушева Е.Е.

 

Орыс филология және әлем әдебиеті кафедрасының

2017-2018 оқу жылында

тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі іс-шараларының жоспары

Іс-шараларының атауы

Іс-шараға жауапты адам

Іс-шара уакыты

 

Кафедраның тәрбие және әлеуметтік жұмыстарын белгілеу бойынша жалпы шаралар

 

1.

Кафедраның тәрбие жұмысынын жылдық жоспарын бекіту.

Кафедра меңгерушісі.

29 тамыз 2017 ж.

2.

Кафедра мәжілісінде өткізілген тәрбие жұмысы бойынша оқытушы-профессорлар кұрамының есеп беру кестесін бекіту.

Кафедра меңгерушісі, оқытушы-профессорлар кұрамы.

29 тамыз 2017 ж.

3.

«Тілдер апталығы», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні», «Наурыз» және т.б. университеттік іс-шараларды оқытушы-профессорлар кұрамының ұйымдастыруы, өткізу жіне қатысуы.

Кафедра меңгерушісі, оқытушы-профессорлар кұрамы.

Оқу жылының ішінде.

4.

Кафедра меңгерушісінің ғылыми кеңесте тәрбие жұмыстары жайлы есебі

Кафедра меңгерушісі.

Жоспар бойынша.

 

Тәрбие жұмысын ақпараттық қамтамасыз ету

 

1.

«Қазақ университеті» газетінде және кафедрада өткізілетін іс-шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жариялау.

Кафедра меңгерушісі, оқытушы-профессорлар кұрамы.

Тоқсан сайын.

 

Патриотизм, этносаралық қатынастардың кәсібилігі мен мәдениетін тәрбиелеу

 

1.

«8 Наурыз», «СПИД Дүниежүзілік Күні», «Қазақстан халықтарының бірлігі күні» және т.б. күнтізбелік күндерге арналған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, факультетте және жатақханада.

«Тілдерді білу - келісімнің кілті», «Көптеген тілдер бір әлем» тақырыбына әңгіме-диалогтар өткізу.

Кафедра меңгерушісі, оқытушы-профессорлар кұрамы.

Оқу жылының ішінде.

2.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын талқылау. Алматы және ҚазҰУ мұражайларына бару.

Кафедра меңгерушісі, оқытушы-профессорлар кұрамы, эдвайзеры.

Оқу жылының ішінде.

3.

Ғылыми студенттік үйірмелер мен клубтардың жұмысын ұйымдастыру: 1) «Аққайың»; 2) Х.Х. Махмұдов атындағы лингвистикалық үйірме; 3) Орыс клубы; 4) Поэзия клубы.

Кафедра меңгерушісі, оқытушы-профессорлар кұрамы,

клубтардың жетекшілері.

Оқу жылының ішінде.

4.

«Кафедра күндерін» ұйымдастыру және өткізу. Кафедра, оқытушылар, негізгі іс-шаралар мен үйірмелерді таныстыру.

Кафедра меңгерушісі, оқытушы-профессорлар кұрамы.

Оқу жылының ішінде.

 

Еңбек тәрбиесі. Құқық тәртібін ұйымдастыру

 

1.

Сенбілікке қатысу.

№17 жатақханасындағы кезекшілік.

Кафедра меңгерушісі, оқытушы-профессорлар кұрамы.

Оқу жылының ішінде.

2.

Студенттік тәртіп сақтау жасағына студенттерді жұмысқа тарту. «Бос орындар жәрмеңкесіне» жыл сайынғы «Мансап және білім» жәрмеңкесіне қатысу.

Кафедра меңгерушісі, оқытушы-профессорлар кұрамы.

Наурыз-сәуір2018 ж.

 

Тәрбиелік және әлеуметтік жұмыстар

 

1.

Студенттерді ғылыми жұмысқа, «Орыс тілінің фестивалі» іріктеу турына тарту. Студенттердің ғылыми жұмыстарын басқару және оларды студенттік ғылыми конференцияға дайындау.

Кафедра меңгерушісі, оқытушы-профессорлар кұрамы.,

руководители кружков и клубов.

 

 

Оқу жылының ішінде.

Сәуір 2018 ж.

2.

«Діни экстремизм қоғамға қауіп төндіреді» тақырыбында құқық бұзушылықтың алдын-алу жөніндегі шараларды ұйымдастыру. Республика күніне арналған дөңгелек үстел.

Кафедра меңгерушісі, оқытушы-профессорлар кұрамы., эдвайзеры.

Желтоқсан 2017 ж.

Оқу жылының ішінде.

 

Салауатты өмір салтына деген ұмтылысты қалыптастыру

 

1.

«О спорт! Сен - әлемсің!» ұранымен спорттық іс-шараларға қатысу.

Кафедра меңгерушісі, оқытушы-профессорлар кұрамы.

Қантар 2018 ж.

2.

«Жастар салауатты өмір салтын қолдайды», «Сіздің денсаулығыңыз өз қолыңызда!» тақырыптарында СПИД, нашақорлық, темекі шегудің алдын алу бойынша әңгіме диалогтарын ұйымдастыру.

Кафедра меңгерушісі, оқытушы-профессорлар кұрамы.

Оқу жылының ішінде.

 

Мәдени-ағарту жұмысы. Моральдық және эстетикалық тәрбие

 

1.

Университеттің мәдени-көпшілік іс-шараларына қатысу.

Кафедра меңгерушісі, оқытушы-профессорлар кұрамы., эдвайзеры.

Оқу жылының ішінде.

2.

«Менің болашақ мамандығым» тақырыбында пікірталас ұйымдастыру.

Кафедра меңгерушісі, оқытушы-профессорлар кұрамы.,

эдвайзерлар.

Оқу жылының ішінде.

 

Жатақханаларда тәрбие және әлеуметтік жұмыстар

 

1.

№ 17 жатақханадағы кезекшілік. Кезекшілік кезіндегі келесі тақырыптар бойынша әңгіме-диалогтарды өткізу: «Жатақханадағы студенттердің тұру ережелері», «Жастар: проблемалар, істер және қызығушылықтар», «Еңбекпен қамту проблемалары». Олардан қалай аулақ болуға болады» және т.б.

Кафедра меңгерушісі, оқытушы-профессорлар кұрамы.

Жоспар бойынша

2.

Өзекті әлеуметтік мәселелер бойынша фильм көрсетілімдерін ұйымдастыру.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Күніне арналған «Менің балалық шағымның аспаны» фильмін талқылау.

Кафедра меңгерушісі, оқытушы-профессорлар кұрамы.

Қазан 2017 ж. Наурыз 2018 ж.

 

 

 

 

Клубтар мен қоғамдары

     
Ресей клубы Ресей клубының мақсаты – Республикалық деңгейде өткізіліп жатқан «Үштілдік: қазақ, орыс, ағылшын тілдері» жобасының іске асуына ықпал ету, студенттердің тілдерді үйренуге қызығушылығын арттыру.

ГУК1 корпусы,

каб. 3-5

Тлеубай Г.К. +7 (727) 377-33-39(1324)
"Ақ қайың" әдеби коғамы
«Аққайын» әдеби бірлестігінің негізгі мақсаты - жан-жақты дамыған, шығармашылыққа бейімделген, рухани бай, көркем шығармаға этикалық, эстетикалық баға бере алатын тұлғаны тәрбиелеу.

ГУК1 корпусы,

каб. 3-5

Афанасьева А.С. +7 (727) 377-33-39(1324)
Х.Х. Махмудов атындағы лингвистикалық үйірме Студенттік лингвистикалық үйірменің негізгі міндеттері – русистиканың жеке, өзекті мәселелерін терең зерделеумен байланысты іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу, отандық және шетел лингвисттерінің ғылыми еңбектерімен және өмірбаяндарымен таныстыру, лингвистикалық білімді әйгілеу, яғни көпшілікке тарату.

ГУК1 корпусы,

каб. 3-5

Когай Э.Р. +7 (727) 377-33-39(1324)
Поэзия сүюшілер клубы  Клубтың негізгі мақсаты - бірінші курс студенттерін ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту және басты міндет - біздің заманымыздың ұлы ақындарының ақындық мұрасымен танысу арқылы студенттердің интеллектуалды қабілеттерін дамыту.

ГУК1 корпусы,

каб. 3-5

Амирова Ж.Р. +7 (727) 377-33-39(1324)

 

 

РЕСЕЙ КЛУБЫ

Ресей клубы өз жұмысын 2008 жылы бастаған. Кафедра оқытушылары ҚазҰУ-дың әр факультетінде тақырыптық кесте бойынша 1 курс студенттерінің қатысуымен Клуб мәжілістерін өткізіп тұрады. Мәжілістер Қазақстанның ғылым мен мәдениет саласына еңбегі сіңген қайраткерлеріне арналып тұрады. Мәселен, Клубта «Орыс тілінің ҚР-дағы статусы» (2008), Халықаралық әйелдер күніне арналған «Қазақстан көшбасшы әйелдері» (2009), Ш. Уәлихановтың 175-жылдығына арналған Ғылым Академиясының ғалымдарының қатысуымен «Алғашқы көптілді қазақ географ-ғалымы» (2010).

Ресей клубының мақсаты – Республикалық деңгейде өткізіліп жатқан «Үштілдік: қазақ, орыс, ағылшын тілдері» жобасының іске асуына ықпал ету, студенттердің тілдерді үйренуге қызығушылығын арттыру.

Әр оқу жылының басында Ресей клубы мүшелерімен университеттің факультеттерінде Қазақстан халықтарының тілдері фестивалі өтеді. Бұл іс-шара барысында студенттер өлең жаттап, әр тілде ән салады, әр-түрлі халықтардың ұлттық билерін дайындайды.

Клуб жетекшілері мен үйлестірушілері студенттермен біріге отырып, мәжілістердің бағдарламаларын, ғылыми баяндамаларды, ойындар мен сайыстарды ұйымдастырады, қабырға материалдарын, түрлі слайдтарды әзірлеп, музыкалық және ақындық шеберлігін танытатын номерлерді ықыласпен дайындайды.

Сонымен қатар, Ресей клубының жұмысы орыс тілін тереңдетіп оқуға барлық мүмкіндіктерін береді. Клубтың жұмысына қатысу үлкен аудиторияның алдында баяндаманы оқу өнерін дамытады, себебі студенттерге шешімін өздері табатын нақты шығармашылық тапсырмалар беріледі.

Белгілі ғалымдармен, жазушылармен, ақындармен, мәдениет қызметкерлерімен кездесулер студенттердің ғылыми-мәдени құндылықтарын ұйғаруға қызығушылықтарын арттырады, студенттік кезеңде лингвистикалық табыстарға жетуіне көмектеседі. Мысалы, Клубтың белсенді мүшесі Қаниева Ғазиза, география факультетінің «Туризм» мамандығының 1 курсында оқып жүрген кезінде орыс тілінен Дүниежүзілік фестивалінің аумақтық турының жеңімпазы атанып, 2011 жылдың қазан айында Санкт-Петербург қаласында өткен қорытынды турына қатысты. Орыс тілі шығармашылығының жеңімпазы болып, Ғазиза Халықаралық сертификаттың иегері болды.

Ресей Клубы – шешендік өнерін дамытуға, ғылым мен өнер әлеміне қадам басуға мүмкіндік беретін ұйым. Мысалы, 2011 жылы Клубтың 6 (алты) мүшесі өзінің ғылыми еңбектерін Санкт-Петербург кәсіптік одақтар университетінің студенттік конференциясының материалдар жинақтарында бастырып шығарды.

Кафедра оқытушылары да, Клуб үйлестірушілері ретінде университеттің ғылыми-әдістемелік іс-шараларының белсенді қатысушылары. Кафедра мамандары студенттермен өз білімдерімен және тәжірибелерімен бөліседі, мұражай мен театрларға экскурсияларды үнемі ұйымдастырады.

Әр оқу жылының басында 1 курс студенттері Клубтың белсенді мүшелерінің қатарына қосылып, оның дәстүрлерін жалғастыруда.

Ресей клубы студенттерінің жиналысы

   «Ресей жазушылары және  ақындары» (02.07.2017)
«Ресей әдебиетінің классиктері» (26.01.2017).
Студенттер Ресей клубының тұсаукесері (15.09.2016)
2016 жылдың 21 ақпанында филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің №17 студенттер жатақханасында сағат 17:00 мен 18:30 аралығында "Двух голосов перекличка: Есенин и Макатаев" атты тақырыпта әдеби танымдық іс-шара өткізілді.
2016 жылдың 23 ақпанында филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің №17 студенттер жатақханасында сағат 17:00 мен 18:30 аралығында ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы талқыланды. Фильм көрсету. Орыс филологиясы, орыс және әлем әдебиеті кафедрасының 1-3 курс студенттерінің баяндамалары.
2015 жылдың 28 қарашасында ҚР Тәуелсіздігі мен Алғашқы Президенті күніне арналған дөңгелек үстел өткізілді.
2015 жылдың 26 қыркүйегінде Тіл апталығына арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

 

«Аққайың» әдеби бірлестігі

Студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту – орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының оқу және тәрбие жұмыстарының негізгі бағыттарының бірі.

«Аққайын» әдеби бірлестігінің негізгі мақсаты - жан-жақты дамыған, шығармашылыққа бейімделген, рухани бай, көркем шығармаға этикалық, эстетикалық баға бере алатын тұлғаны тәрбиелеу.

«Аққайын» әдеби бірлестігінің негізгі міндеттері: тақырыпты кештерді, мерекелік концерттерді, айына 1 рет «Поэтикалық жұманың» мәжілісін ұйымдастырып, өткізу. «Поэтикалық жұма» отырысында студенттер өздерінің шығармашылық өнерлерін ортаға салып, өздері жазған, сонымен қатар классик-ақындардың өлеңдерін оқиды.

Бұл негізгі мақсаттарынан жеке мақсаттар туындайды:

- студенттерді жан-жақты дамыту, олардың ой өрістерін өсіру, көркем шығармашылыққа баулу;

- жалпы және этика-эстетикалық мәдениетін дамыту;

- студенттердің оқырман ретіндегі көркем шығармалардың тізімін көбейту;

- студенттерге ұлтжандылық, азаматтық, қоғам алдында жауапкершілік негіздерін үйрету;

- әдебиеттің негізі, шығармалардың формасы туралы студенттердің білімін тереңдету;

- шығармашылыққа бейімделген студенттерді анықтап, олармен жұмыс жасау, қабілеттерін тереңдету.

Жұмыс істеу принциптері: әдеби бірлестіктің жұмысы мынадай педагогикалық принциптерге негізделген, барлық іс-шараларға қатысу ерікті түрде, іс-шараларға дайындық студенттердің өзіндік жұмысы, іс-шараларға қатысуға студенттердің бірдей құқығы бар.

Жұмысты ұйымдастыру формалары әр-түрлі болуы мүмкін: шығармашылық кештері, Қазақстан Республикасының белгілі білім және өнер қайраткерлерімен кездесу, сайыстар, сауалнамалар, фотокөрмелер, «Филологиялық альманах» журналында студенттердің жұмыстарын жариялау.

Қабылдау ережелері: «Аққайың» әдеби бірлестігіне студенттер ерікті түрде қабылданады, әдеби бірлестіктің жұмысын кафедра меңгерушісі тағайындаған жетекшісі басқарады. Әдеби бірлестіктің оқу-тәрбие процесі үйірме жетекшілері мен студенттердің бірігіп жасаған, орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының меңгерушісі және факультет деканы бекіткен жылдық жұмыс жоспары бойынша жүргізіледі. Әдеби бірлестіктің жұмыс жоспарына студенттердің қалауы бойынша, олардың әдеби-шығармашылық қабілеттерінің дамуына байланысты өзгерістер еңгізіледі.

«Аққайың» әдеби бірлестік мүшелерінің құқықтары:

- әдеби бірлестіктің жұмысына ерікті түрде қатысу;

- шығармашылық кештердің, мерекелік қойылымдардың, концерттердің тақырыптарын ұсыну;

- өз шығармашылық қабілеттерін әр-түрлі іс-шараларда ортаға салу;

- шығармашылық өнерінің кез-келген формасын таңдау және оны өз еркімен ауыстыру:

- әдепті, сыпайы түрде құзіреттілігін білдіру, өз ойын ортаға салу, «Аққайын» әдеби бірлестік мүшелерінің шығармашылығына баға беру;

- оқытушылар, әдеби бірлестік мүшелері жағынан сыпайы, сыйластық қарым-қатынасқа.

«Аққайың» әдеби бірлестік мүшелерінің міндеттері:

- әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының, «Аққайың» бірлестігінің дәстүрлерін құрметтеу;

- профессорлық-оқытушылар қаумын, әдеби бірлестік мүшелерін қадірлеу, олардың шығармашылық ойларын қолдау;

- «Аққайың» әдеби бірлестігінің барлық іс-шараларына белсенді қатысу;

- жалпы, эстетикалық және өнегелілік мәдениетті көрсету;

- университеттің ішкі тәртіп ережелерін орындау.


"Аққайың" әдеби қоғамның жиналысы
 

2017 Ресей мәдениет күні

(28.04.2017)

«Әйел, сіз әлемнің жарығы» (03.03.2017) 

 

2016 Ресей мәдениет күні

 

"Имя матери - Анна", қараша 2016 ж.

"Күз сұлтаны-2015 "

 

 

"Музалар уйі", 2015 ж.

 


 

Х.Х. Махмудов атындағы лингвистикалық үйірме

Лингвистикалық үйірменің тарихы 1942 жылдан, қоршап алынған Ленинградтан Қазақстанға эвакуацияланған филолог-ғалымдар - академиктер Н.В. Юшманов, И.И. Мещанинов және т.б. қазақ жерінде еңбек етуінен басталады. Әдетте, дәстүр бойынша классикалық университеттер жанында лингвистикалық мектептер құрылған (Қазан лингвистикалық мектебі, Москва фонологиялық мектебі, Петербург мектебі, Прага лингвистикалық үйірмесі), сондықтан да Ұлы Отан соғыс жылдарында ҚазМУ-нің филология факультетінде қызмет атқарған академик А.А. Мещанинов осы игі дәстүрді біздің факультетке де еңгізді.

70-жылдары лингвистикалық семинардан студенттік лингвистикалық үйірме бөлектеніп, жеке жұмыс атқаратын болды. 20 жылдан астам аталмыш үйірме жұмысын профессор Р.С. Зуева басқарды, кейін бұл бастаманы доцент В.Г. Миронова жалғастырды. 1995 жылдан бері қарай лингвистикалық үйірме жұмысын доцент Э.Р. Когай жүргізеді. Үйірме жұмысына бакалавриат студенттерімен қатар магистранттар да белсене қатысады. 2010 жылдың қыркүйек айында орыс филологиясы кафедрасының мәжіліс шешімімен лингвистикалық үйірмеге профессор Х.Х. Махмудов аты берілді.

Студенттік лингвистикалық үйірменің негізгі міндеттері – русистиканың жеке, өзекті мәселелерін терең зерделеумен байланысты іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу, отандық және шетел лингвисттерінің ғылыми еңбектерімен және өмірбаяндарымен таныстыру, лингвистикалық білімді әйгілеу, яғни көпшілікке тарату. Ғылыми үйірме сабақтарында студенттер атақты ғалым-лингвисттердің, лексикографтардың ғылыми қызметімен танысады. Әр уақытта студенттер лексикограф, жазушы, ғалым В.И. Дальдің еңбектері мен өмірбаяны туралы толық мағлұматтар алды. Сонымен қатар Л.В. Щербаның, А.А. Шахматовтың ғылыми жұмыстарымен, С.И. Ожеговтың лексикографиялық еңбектерімен танысты.

Оқытушылар студенттермен бірігіп А.А. Потебняның туғанына 170-жыл толуына, И.А. Бодуэн де Куртенэнің туғанына 160-жыл толуына, академик В.В. Виноградовтың туғанына 110-жыл толуына және М.В. Ломоносовтың 290-жылдығына арналған салтанатты түрде, мерейтойлық мәжілістер өткізілді.

 

Х.Х. Махмудов атындағы лингвистикалық үйірме отырысы


   «Тіл полифониясы». Шығармашылық жобалар «Тіл үйі» бәсекелестік (21.09.2017).
«Фердинанд де Соссюр - құрылымдық лингвистика  "әкесі". (07.02.2017)
«Филология менің қымбатым» (қыркүйек 2017 ж.). 
VI Бағызбаева оқулары (сәуір 2017 ж.)
«Ғылым. Менің алғашқы қадамдарым». Студенттердің ғылыми-зерттеу сынағы әуір 2017 ж.).
«ҚазҰУ - менің алғашқы махаббатым»
елтоқсан 2016 ж.)
Орыс мәдениеті күні. Мәнерлеп оқу сайысы. Шетел студенттері арасынан мәнерлеп оқу сайысының жеңімпазы Ли Ю Лонг (жетекшісі доцент Э.Р. Когай).
Орыс мәдениетінің күні. Сайыс вокалистері Мұзбаева Жадыра және Шанаев Руслан дуэті.

«Филология толқындары» филологияға арнау

  (қазан 2016 ж).

«Қыс мерекесі» (2015 ж.) 
Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тілдер үйі» (2015 ж.).
Кітаптар көрмесі (2015 ж.).

 

 

 

Поэзия сүюшілер клубы 

 

Поэзия сүюшілер клубы – ақындық өнерге қызығушылық танытқан қазақ бөлімдерінде оқитын 1 курс студенттерінің сұрауы бойынша ашылған ғылыми-зерттеушілік бағытта жұмыс істейтін үйірме.

Клубтың негізгі мақсаты – 1 курс студенттерінің ғылыми-зерттеушілік қабілеттерін дамыту.

Үйірме жұмысының міндеттері:

- қазіргі заман ақындарының шығармашылығын таныту арқылы студенттердің интеллектуалды қабілеттерін дамыту;

- басқа мемлекеттердің ақындарының шығармашылығын үйрену арқылы студенттердің ой өрісін кеңейту;

- қазақ бөлімінің 1 курс студенттеріне эстетикалық тұрғыдан тәрбие беру;

- поэтикалық мәтіндердің идеялық-көркемдік және эстетикалық құндылықтарын айқындау;

- ақындық шеберлердің мысалында студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту;

- басқа мәдениетке сыйластықпен қарауды, толеранттық сезімдерді дамыту, өзге халықтардың тарихының,мәдениетінің, тілдік бейненің ерекшеліктерін түсіне білуді үйрету;

- төменгі курс студенттерін топта жұмыс істеуге, алдағы мақсатқа бірігіп жылжуға баулу;

- тұлғаның жеке қабілеттерін дамыту;

- ғылыми жұмыс жазудағы алғашқы қадамдарын үйрету;

- ғылыми-зерттеу жұмыс тақырыптарымен, оның ішінде ғылыми жобалармен, жұмыс істеуге ынталандыру;

- реферат, баяндама, т.б. ғылыми мәтін түрінде өз жұмыстарын түйіндеп, нәтижесін көрсету қабілетін дамыту;

- жиналған материалдарды топтау, сақтау, көрсету үшін әр-түрлі компьютерлік және ақпараттық технологияларды қолдануды үйрету.

 


2018 жылдың 27 сəуір күні "Геодезия жəне картография" мамандығының студенттері Əбілхан Қастеев атындағы өнер музейін тамашалап қайтты. Музейде "Қазақстан халықтарының бірлігі күні" аталып өтілді. Мерекеде еркін күрес бойынша Қазақстан Республикасының спорт шебері, 2000-шы жылы Сиднейде өткен олимпияданың күміс жүлдегері Ислам Байрамкулов болды. Студенттеріміз музейден тамаша əсер алды!