Кафедраның тарихы

Кафедраның (2007 жылдың қыркүйек айына дейін орыс және шетел әдебиеті кафедрасы болып аталған) ғылыми-ізденіс дәстүрлері мен педагогикалық қызметінің негізгі бағыттары көптеген он жылдықтар бойы қалыптасқан. Бұл кафедра – филология факультетінің ең алғашқы кафедраларының бірі, себебі оның туған күні – 1935 жыл, сол кезде Қазақ мемлекеттік университетінде тіл және әдебиет кафедрасы құрылған.

Арада екі жыл өте, 1937 жылы, ағылшын тілі бөлімшемесі мен батысеуропалық бөлімшемесі құрылған. Орыс әдебиеті мен орыс тілін оқыту бағыттары қатар дамыды: 1938 жылы орыс тілі және орыс әдебиеті кафедрасы ашылды, оның құрамынан орыс әдебиеті кафедасы бөлініп шықты. Оның негізінде 1941 жылы орыс және шетел әдебиеті кафедрасы құрылды, ол 1944 жылы жалпы әдебиет кафедрасына айналды.

1959 жылы екі ғылыми бағыт: әлем және орыс әдебиеті бір кафедра болып бірігіп, 2007 жылға дейін орыс және шетел әдебиеті кафедрасы деп аталды. 2007 жылдың қыркүйегінде кафедраны теория, әлем әдебиеті және фольклористика кафедрасымен біріктірді. 2008 жылдың қыркүйек айында жеке құрылымдық бөлімшесі ретінде орыс және әлем әдебиеті кафедрасы құрылды, оның меңгерушісі болып 2008 жылы өткен «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің үздік оқытушысы» байқауының жеңімпазы – ф.ғ.д., проф. Баян Өмірбекқызы Жолдасбекова басқарды.

2011 жылы филология факультетінің 3 кафедрасын бір құрылымдық бөлімге біріктіру арқасында орыс филологиясы, орыс және әлем әдебиеті кафедрасы ашылды. Аталмыш кафедралар ғылыми, зерттеу, педагогикалық, әдістемелік тәжірибесі мол болғандықтан филология білімінің даму тарихында алатын орны ерекше. Орыс филологиясы, орыс және әлем фәдебиеті кафедрасының меңгерушісі – ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, ф.ғ.д, профессор Жолдасбекова Баян Өмірбекқызы. Ол С.М.Киров атындағы ҚазМҰ-ды үздік аяқтаған.

2002 ж. Жолдасбекова Баян Өмірбекқызы «И.П. Шуховтың эпикалық прозасының көркем ерекшеліктері» атты кандидаттық диссертацияны қорғаған, 2006 ж - «XX ғасырдың 20-70 жж. Қазақстанның орыс эпикалық прозасы» атты докторлық диссертациясын қорғаған. Баян Өмірбекқызы университеттің ғылыми және қоғамдық өміріне белсенді қатысуда: әл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беруге арналған Д14А.02.22 Диссертациялық Кеңестің мүшесі, университеттің ғылыми кеңесінің мүшесі, ҚазҰУ-дың әйелдер қоғамының төрайымы. Профессор Жолдасбекова Б.Ө. – «ЖОО үздік оқытушысы»ҚР ҒБМ грантының иегері және Республикалық сайысының жеңімпазы (2008 ж.), "әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың үздік оқытушысы" (2009 ж.). Ерен еңбегі үшін "әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға 75 жыл" атты белгімен, құрмет қағаздарымен мадақталған.

Орыс тілі және орыс әдебиеті кафедрасының алғашқы меңгерушісі доцент А.Я. Андрузский (1938-1943) болды, ал 1943 жылдан бастап кафедрамен роман-герман әдебиеті саласындағы атақты ғалым, батысеуропалық әдебиетінің романтизм мәселелері бойынша бірқатар зерттеу еңбектерінің авторы, профессор Наум Яковлевич Берковский басқарды. Ресми түрде орыс және шетел әдебиеті кафедрасының алғашқы меңгерушісі болып, доцент, кейіннен ф.ғ.д., проф., әйгілі бальзактанушы Александр Иосифович Гербстман тағайындалды. Кафедраның қалыптасуындағы әртүрлі кезеңдерінде ресейлік және қазақстандық ғылымда айқын із қалтырған көрнекті ғалымдар басқарған: ф.ғ.к., доцент, әйгілі орыс публицисттің қызы Татьяна Владимировна Поссе, өзінің педагогикалық қызметін 1939 жылы ҚазМУ-де бастаған. Ол 1912 жылы аяқтаған атақты Бестужев курстарының тарихи-филологиялық факультетінің түлегі бола отырып, ағылышын және француз тілдерін еркін меңгерген. 1933 жылы Алматыға келер алдында Наркомпростың жолдамалары бойынша әртүрлі мекемелерде жұмыс атқарған. 1944 жылы С.М.Киров атындағы ҚазҰУ-тің Кеңесінде «Д. Мамин-Сибиряк шығармашылығындағы идеялар мен бейнелер» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация қорғады, 1944-1956 жылдар аралығында орыс және шетел әдебиеті кафедрасының меңгерушісі міндеттерін атқарды.

1962-1966 жылдар аралығында орыс және шетел әдебиеті кафедрасын Калининградтық мемлекеттік педагогикалық университетінің әдеби факультетін тамамдаған және 1949 жылы А. Мицкевичтің ерте шығармашылығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғаған, Фаина Ивановна Стеклова басқарды. Оның тұрақты ғылыми басымдығы болып ұлтаралық әдеби байланыстар тақырыбы қалыптасты.

1966 жылдан 1970 жылға дейін, арасандағы үзілістермен, орыс және шетел әдебиеті кафедрасына Михаил Васильевич Мадзигон басшылық етті. Филология факультетінің алғашқы қабылдауының түлегі және ҚазМУ-де батысеуропалық әдебиет бойынша ашылған аспирантураның алғашқы аспиранты болып, 1963 жылы «Ч.Диккенстің ерте шығармашылық реализмі» атты тақырыпқа кандидаттық диссертация қорғады. 1962-1972 жылдар аралығында орыс және шетел әдебиет кафедрасының меңгерушісі міндеттерін осы кафедрада ұзақ жылдар бойы қызмет атқарған ғалым-әдебиеттанушылар мен қатар кафедрада уақытша жұмыс істеген ғалымдар да болды: Маловичко Александр Лазаревич, Габдиров Илеукен Хамидуллинович, Кендыбаев Файзулла Бурасович.

Жиырма жыл шамасында (1972 жылдан 1991 жылға дейін) кафедраға ф.ғ.д., профессор Кальсим Шакировна Кереева-Канафиева басшылық етті, ол М.В.Мадзигон сияқты 1941 жылғы ҚазМУ-тің филология факультетінің түлегі. Осыған дейін ол 1937-1938 жылдар аралығында Омскдағы педрабфакта оқыды. 1945 жылы ҚазМУ-тің аспирантурасына түсіп, 1946 жылы Ленинградтық мемлекеттік университеттің аспирантурасына шақырылып, жіберілді. 1946 жылы орыс және шетел әдебиеті кафедрасының ассистенті бола отырып Кальсим Шакировна «1730-1840 жылдардағы орыс әдебиеті мен журналистикасындағы қазақтар» атты тақырып бойынша кандидаттық диссертацияны табысты қорғайды, ал 1973 жылы Ленинградтық мемлекеттік университетінің Мамандандырылған Кеңесінде «Орыс-қазақ әдеби қатынастары» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғайды.

Республикада және шетелде кафедраның ғылыми беделін нығайтуына орасан зор үлесін ф.ғ.д., профессор Мая Михайловна Бағызбаева қосты. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің филология факультеті түлегі, 1985 жылы Мая Михайловна «Жетысулық казактардың фольклоры» атты докторлық диссертациясын қорғап, 1991 жылы орыс және шетел әдебиеті кафедрасын басқарды. Мая Михайловна үлкен ұжымның ғылыми және қоғамдық жұмысына үнемі белсене қатысатын: факультеттің Ғылыми кеңесінің мүшесі, К 14 А.01.24 Диссертациялық Кеңесінің төрайымы, ҚР ҰҒА жанындағы докторлық диссертацияны қорғау бойынша Мамандандырылған Кеңестің мүшесі, ЖМ ҒА-сының академигі, университет Ғылыми кеңесінің мүшесі, ҚР Президентінің жанындағы әйелдер Одағының Президиум мүшесі және ҚазМУ-нің әйелдер Одағының Президиум төрайымы.

Көп жылдық адал еңбегі үшін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиум Жарлығымен ол «Еңбек ардагері» медалімен, ССРО-ның жоғарғы білім беру саласындағы қызметі «Қызметтегі үздік жетістіктері үшін» және «Ғалым мен техникаға еңбегі сінген қайраткер» төске тағатын белгілермен марапатталған.

Бағызбаева М.М., ҚР ЖМ академигі, ф.ғ.д., профессор

Сагалович Светлана Михайловна – 1960 жылғы С.М. Киров атындағы ҚазҰУ-нің филология факультетінің түлегі, 1999-2002 жылдары орыс және шетел әдебиеті кафедрасының меңгерушісі міндеттерін атқарған. 1984 жылы «А.С. Сорокин шығармашылығындағы қазақ болмысының көркем көрінісінің принциптері» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 

Ашимханова Светлана Ашимхановна, филология ғылымдарының докторы, профессор, 2002 жылдан 2005 жылға дейін кафедраны басқарды. 1967 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде аспирантурада оқып, сол жерде кандидаттық диссертация қорғады. 1999 жылы «Ғ. Мүсірепов прозасының поэтикасы» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады, 2002 жылы Ш. Уалиханов атындағы гуманитарлы ғылымдар саласындағы бірінші премияны игерген «Ғабит Мүсірепов әлемі» монографиясын жариялады.

2005-2007 жылдар аралығында кафедраға Ұлболсын Құрманғалиевна Абишева жетекшілік етті, С.М.Киров атындағы ҚазҰУ-нің филология факультетінің түлегі, проф. М.М.Бағызбаева жетекшілігімен кандидатық диссертация қорғады. 2006 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Мамандандырылған Кеңесінде «1900-1910 жылдардағы орыс әдебиетіндегі неореализм» атты тақырып бойынша докторлық диссертациясын қорғады. 

2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін кафедраны PhD докторы, доцент м.а. Тәттімбетова Құралай Өмірланқызы басқарып келеді. ҚазҰУ филология факультетінің түлегі, 2019 жылы «Жоғары оқу орнында Иван Щеголихин прозасының поэтикасын талдаудың теориялық және әдістемелік аспектілері» тақырыбында докторлық диссертациясын сәтті қорғады. «Тәуелсіздік кезеңіндегі Қазақстан әдебиетіндегі тұлғаның зияткерлік-инновациялық әлеуетінің парадигмасы», «Тәуелсіздік кезеңіндегі Қазақстанның ұлттық идеясын құру үдерісіндегі Ұлт көшбасшысының гуманитарлық дискурсының рөлі» атты ҚР БҒМ іргелі зерттеулер жобаларына қатысты. 2020 жылы Тәттімбетова Қ.Ө. ҚР БҒМ дарынды жас ғалымдарына арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері атанды. Адал еңбегі үшін «әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне 75 жыл» құрмет белгісімен марапатталған.