Кафедраның тарихы

Кафедра тарихы

   Халықаралық құқық кафедрасы 1990 ж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті құрамында құрылды және Қазақстан тарихындағы алғашқы мамандандырылған халықаралық құқықтық кафедра болды. Оның бастауында з.ғ.к., доцент (кейіннен з.ғ.д., профессор) М.А.Сәрсембаев тұрып, кафедраның алғашқы меңгерушісі болды және оны 1990 жылдан 2000 жылға дейін басқарды.

   Халықаралық құқық кафедрасының құрылуы Қазақстан Республикасының шынайы егемендік иеленуіне байланысты болды. Оған дейін халықаралық құқық саласында маманданған кафедралар тек Мәскеу мен Киевте ғана болған. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «халықаралық құқық» пәні мемлекеттік құқық пен кеңестік құрылыс кафедрасында, кейбір уақытта (70-жылдардың бірінші жартысында) – әкімшілік құқық кафедрасында түрлі оқытушылармен, с.і. У.Д. Жекебаев, Н.С.Сағындықов, М.А.Биндер, А.С.Богодухов, М.А. Сәрсембаевпен өткізілді.

   Халықаралық құқық бойынша кандидаттық диссертация қорғаған Қазақстанның бірінші өкілі У.Д. Жекебаев болды (ММУ, 1959 ж.). 1978 ж. халықаралық құқық бойынша кандидаттық диссертациясын С.М. Киров атындағы ҚазМУ-да халықаралық құқық оқытқан М.А.Сәрсембаев қорғады (МХҚМИ). 1985-1987 жж. ол дипломатия мен халықаралық құқық бөлімін ұйымдастыру және қамтамасыз ету үшін Кабул университетіне (Ауғанстан) жіберілді. 1989 ж. Ауғанстаннан қайтып келіп, М.А.Сәрсембаев заң факультетінің деканы бола тұра, Қазақ КСР сыртқы экономикалық дербестігін ескере, заң факультеті шеңберінде мамандандырылған халықаралық құқықтық бөлім және халықаралық құқық кафедрасын ашу бойынша ұйымдастыру жұмыстарын бастады.

   Қазақстанның тәуелсіздік алғанынан кейін халықаралық заңгерлерді дайындаудың салмақ орталығы сыртқы саяси аспектілерге ауысты. 1990-1994 жылдар аралығында кафедраның негізгі құрамы қалыптаса бастады, сол жылдардағы кафедраның алғашқы мүшелері Р.Г. Ахмадиев, К.Б. Батырбаев, А.Б. Ыдырысов, Г.Б. Іспаева, А. Қарашев, П.К. Өмірзақов, А.К. Өртембаев, С.Ж. Айдарбаев, Ж.М. Аманжолов, Г.А. Мәшімбаева еді.

   1994ж. М.А.Сәрсембаев Ресей Ғылым академиясының (Мәскеу) Мемлекет және құқық институтында докторлық диссертация қорғады. 1998 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша кандидаттық диссертациялар қорғау бойынша Қазақстандағы алғашқы диссертациялық кеңес ашылды. Бұл кеңесте Қазақстан азаматтарынан алғашқы кандидаттық диссертацияны 1999 жылы С.Ж.Айдарбаев қорғады, ол 2000 жылдан 2003 ж. желтоқсанына дейін халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі болды. 2004 жылдан 2008 ж. қыркүйегіне дейін оның докторантурада оқуына байланысты кафедра меңгерушісі міндеттерін з.ғ.к., доцент М.С. Досымбекова атқарды. 2008 ж. С.Ж. Айдарбаев кафедра меңгерушісі міндеттеріне қайта кірісті. 2011 ж. ол заң ғылымдарының докторы дәрежесін іздестіру бойынша диссертациясын қорғады.

Халықаралық құқық кафедрасының меңгерушілері

Марат Алдоңғарұлы Сәрсембаев,

1990-2000

Сағынғали Жоламанұлы Айдарбаев,

2000-2003, 2008 - 2017

 

Мәриям Сұлтанқызы Досымбекова,

2004-2008

Сайрамбаева Жұлдыз Талғатқызы

2017 жылдан қазірге дейін

   Кафедра жиырма бес жылдан астам халықаралық құқық саласындағы жоғары білікті мамандар дайындау бойынша Қазақстанның жетекші ғылыми орталығы болып келеді. Кафедрада халықаралық құқық саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының басым бөлігі атқарылды, барлық алғашқы оқулықтар, монографиялар, халықаралық құқық бойынша басқа да оқу-әдістемелік жұмыстар шығарылды.

   Халықаралық құқық кафедрасы осы мамандық бойынша білім берудің түрлі модельдерін Республикада бірінші болып апробациялады. Осылай, 2000 ж. бакалавриат бағдарламасы бойынша мамандарды дайындау басталды, ал 2001 ж. кафедра базасында «Халықаралық құқық және сыртқы экономикалық қызмет», «Халықаралық қылмыстық құқық», «Халықаралық құқық және дипломатия» бағыттарында маманданумен «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша алғаш рет магистратура ашылды. 2005 ж. отандық ғылыми жетекшімен қатар, шетелдік жетекші тағайындау және ізденушінің Еуропа, АҚШ және Қытайдың жетекші ғылыми орталықтарына оқу іссапарлары көзделген оқу мерзімі үш жылдық PhD доктрантурасына қабылдау басталды.

   Кафедра оқытушылары бұрын Қазақстанда оқытылмаған жаңа оқу пәндерін дайындап, оқу процесіне енгізді, олардың ішінде: "Еуропалық құқық", "ТМД құқығы", "Халықаралық жария құқық теориясының негіздері" (С.Ж. Айдарбаев), "Халықаралық жеке құқық теориясының негіздері", "Халықаралық азаматтық процесс" (Г.Б. Іспаева), "Халықаралық құқықтағы жауапкершілік", "Дипломатиялық және консулдық құқықтың өзекті мәселелері" (Ж.М. Аманжолов), "Халықаралық теңіз құқығы" (Т.К. Ерджанов, А.А. Сәлімгерей), "Ішкі құрлықтық мемлекеттердің құқықтық мәртебесі" (Т.К. Ерджанов), Халықаралық құқықта адвокатура, Халықаралық және ішкімемлекетте нотариат (Машимбаева Г.А.,  Халықаралық экономикалық құқық (Сайрамбаева Ж.Т.),"Халықаралық қылмыстық құқық", "Халықаралық қылмыстық процесс" (М.Б. Құдайбергенов) ж.т.б.


   Кафедра құрылғалы бері ұйымдық, ғылыми және әдістемелік тұрғыда нығая түсті. 1990 ж. кафедра құрамы 4,5 штаттық бірлікке тең болса, қазір бұл көрсеткіш 33 бірлікті құрайды. Кафедра шетелдік университеттермен, халықаралық ұйымдар және қорлармен ғылыми байланыстар орнатқан. Кафедра мүшелерінің еңбектері қазақ, орыс, ағылшын, неміс, қытай, түрік ж.б. тілдерде, бірқатар шет мемлекеттерде шығарылды. Халықаралық құқық бөлімінің оқу процесінде әртүрлі білім беру технологиялары белсенді қолданылады. Бірқатар пән бойынша кафедра оқытушылары MS Powerpoint презентациялары форматында авторлық курстар шығарған (халықаралық жария құқық, халықаралық жеке құқық, қарулы қақтығыстар құқығы, ДСҰ құқығы (Ерджанов Т.К.,БаймагамбетоваЗ.М, Нысанбекова Л.Б.,Татаринов Д.В. ,  халықаралық құқық және геосаясат (Д.В. Татаринов).

   Өткен кезеңде халықаралық құқық кафедрасы ғылыми және оқу қызметінде елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Кафедра ертеңгі күнге сеніммен қарайды және өз алдына орындалуына 33 оқытушы, с.і. 3 заң ғылымдарының докторы, 4 Ph.D, 15 заң ғылымдарының кандидаты және 9 құқық магистрін қамтитын кадрлік құрамы кепіл болатын жаңа мақсаттар қоюда.