Әлеуметтік-тәрбие қызметі

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бейіндік мектебіндегі тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы тәрбие берудің кешендік бағдарламасы, құқықбұзушылықты алдын алу және қылмыспен күрес бағдарламасы, Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР «Білім беру туралы» Заңы, мемлекеттік жастар саясаты концепциясы, «Қазақстан-2030» стратегиясы, ҚР Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы, сондай-ақ осы талаптарды дамытып және олардың орындалуына мүмкіндік туғызатын бейіндік мектептің жоспарлары мен сынып жетекшілерінің жұмыс жоспарлары негізінде жүргізілді. Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым- қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын, соған сай мінез-құлқын қалыптастыру.

Тәрбиенің мақсаты – дені сау, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениеті де парасатты, ар- ожданы мол, елін, жерін сүйетін патриот тұлға ретінде адамгершілік қасиеті мен эстетикалық талғамы жоғары, салауатты өмір сүруді таңдайтын, қазіргі қоғам талабына сай, іскер азамат тәрбиелеу.

Тәрбие жұмысы төмендегі міндеттерді атқаруға бағытталған:

  • ұлттық салт-дәстүр құндылығын жетік меңгерген, жан сұлулығы, тән сұлулығы жарасқан, ұлттық мәдениет пен өнер негізінде жан-жақты эстетикалық тәрбие беру;
  • оқушылардың өздігінен іздену мен зерттеушілік іс- әрекетін, кәсіби мәдениетін, шығармашылық қасиетін дамыту;
  • салауатты өмір сүруге баулу, яғни жастарды ішкілікке, есірткіге әуестенуге жол бермеу;
  • жер тағдыры мен ел тағдырының, табиғат пен адам өмірінің бірлігін терең сезінетін, табиғатты аялап, оны қорғай алатын азаматты тәрбиелеу;
  • студенттің дер кезінде өз бетімен шешім қабылдай алу дәрежесін көтеру, өзіне деген сезімін күшейту, ішкі еркіндігі мен өзіндік пікір айту қабілетін дамытуға үлкен қөңіл бөлу;
  • оқушы бойына құқықтық мәдениетті қалыптастыру, яғни мемлекет заңдарын білу, оған сый-құрметпен қарау, оны жүзеге асыруға дайын, қоғамдық заң ережесін бұзушыларға қарсы күресуді әрбір жастың күнделікті мінез-құлқына айналдыру.


Тәрбие үдерісінің тиімді, әрі жүйелі ұйымдастырылуы үшін мектепте төмендегідей ұйымдар жұмыс жасайды:

  • Сынып жетекшілерінің әдістемелік кеңесі;
  • Өзін-өзі басқару ұйымы «Мектеп кеңесі»
  • тәртіптік Кеңес;
  • Ата-аналар комитеті.


Тәрбие жұмысы төмендегідей бағыттар бойынша жүргізілді:

1. Сынып жетекшілерімен, сыныптағы топбасыларымен және мектеп кеңесімен ұйымдастыру, кеңес беру жұмыстарын жүргізу;
2. Азаматтық-патриоттық және қоғамдық-саяси тәрбие;
3. Рухани-адамгершілік тәрбиесі;
4. Мәдени-көпшілік тәрбие;
5. Құқықтық тәрбие;
6. Экологиялық тәрбие;
7. Салауатты өмір салтын қалыптастыру және дене мәдениеті;
8. Кәсіптік тәрбие.

Аталған бағыттар бейіндік мектепте оқу мен тәрбие ісінің бірігіп жүргізілуіне, сондай-ақ жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған.

Жалпы алғанда, мектептегі оқу және тәрбие жұмысының мазмұны, формасы мен әдіс-тәсілдері біздің оқушылардың барлық талаптары мен мүмкіндіктеріне сай ұйымдастырылған.