Орталықтың тарихы

«Талапкер» кәсіби бағдар беру орталығы ректордың 08.05. 2012 жылы № 162 бұйрығымен құрылған.

«Талапкер» кәсіби бағдар беру орталығының негiзгi бағыты - бiлiм беретiн мекемелердiң түлектерiне кеңес беру қызметтерін көрсетеді және кәсiби бағдар жұмыстарын жүргізеді.

Кәсiби бағдар беру орталығының негiзгi мақсаты:

• Жоғары оқу орнына дейінгі дайындықты және мектеп оқушыларына кәсiби бағдар жұмыстарын жүргізу;

• Қосымша білім беруді ұйымдастыру;

• Факультеттер мен мамандықтар туралы материалдарды БАҚтарға – PR промоушн орналастыру;

• ҚазҰУ-дa Бiлiм басқармаларымен, мектептермен тығыз байланыс орнату және ата-аналармен жұмысты тәртiпке келтiру;

• «Әл-Фараби» Республикалық олимпиадасын ұйымдастыру және өткізу;

• Мектеп оқушыларының назарын ҚазҰУ-ге аудару негізінде ҰБТ және ТКТ өткізу барысында негiзгi профилдi тәртiптер бойынша тыңдаушылардың дайындық деңгейін жоғарлату;

• Мектеп оқушыларына арналған «Al-Farabi.kz» журналын шығару;

• Әртүрлі («ХХI ғасыр Білім және ғылым», «Білім және мансап» т.б) көрмелерге қатысу;

• Жәутіков олимпиадасында, Жолдасбеков ғылыми жобалардың байқауында кәсiби бағдар жұмысын ұйымдастыру және өткізу;

• Оқушылардың «Дарын» РҒПО-ның бастауымен ұйымдастырылатын ғылыми жобаларына қатысу.

• «Мектеп оқушыларының Виртуалды академиясын» ұйымдастыру;

• Университеттің «Ашық есік күндерін» өткізу;

• Университет базасында қала мектеп бітірушілері үшін экскурсияны ұйымдастыру және өткізу;

• Қабылдау комиссиясы уақытында профессор-оқытушылар құрамынан кезекшiлiк ұйымдастыру және кеңес беру;

• Қабылдау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру.