Институттардың қызметі туралы

Оқу үрдісі толығымен ҚазҰУ-нің академиялық саясаты мен барлық білім беру қызметін реттейтін нормативтік құжаттарға негізделіп жүргізіледі

  • оқұ бағдарламаларына сәйкес ҒЗИ арналған магистратура мен докторантураның негізгі оқу жоспары бекітіледі;
  • контингент құрамы мен оқу топтары бекітіледі, мәліметтер базасы «Универ» жүйесіне енгізіледі, магистранттар мен докторанттардың жеке папкалары ЖООКББО-да жинақталады;
  • оқу бағдарламасын іске асырушы ҒЗИ-ның ғылыми қызметкерлері құрамы бекітіледі,       педагогикалық жүктеме ҚазҰУ-нің факультеттері мен кафедраларына сәйкес үлестіріледі, ҒЗИ профессорлық-оқытушылық құрамының ақпараттары «Универ» жүйесіне енгізіледі;  
  • диссертациялық зерттеу жұмыстарының тақырыптары, магистранттардың ғылыми жетекшілері, докторанттардың отандық және шетелдік кеңесшілері ҚазҰУ-нің ішкі регламенттеріне сәйкес ҒЗИ-ның Ғылыми кеңестері отырыстарында бекітіледі. Бекітілу туралы қорытынды бұйрыққа ҚазҰУ ректоры қол қояды;    
  • өтемді қажет ететін білім беру қызметі туралы ҚазҰУ, ҒЗИ мен докторант арасында үш жақты келісім-шартқа қол қойылады. Бұл келісім-шарт бойынша, докторант ҒЗИ-да 3 жыл қызметін өтеуі керек;  
  • бағдарлама бойынша оқу жылы оқу жоспары бойынша толық орындалады, магистранттар мен докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі, емтихандық сессия және ғылыми тағлымдама ұйымдастырылады және т.б.;
  • докторанттардың шетелдік кеңесшілерімен Үш жақты келісімге – Мемарандумға қол қойылады, олардың кеңестер мен дәрістер өткізудің кестесі құрылады. 2016 жылға 7 шетелдік профессордың келуі жоспарланған;
  • дәрістер «Ғылым ордасында» арнайы оқу аудиторияларында өткізіледі, сонымен қатар кешеннің мүмкіндігі қосымша оқыту мақсатында, өздік жұмыстарына, ғылыми және қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыруда, ғалымдардың кеңес беруін ұйымдастыруда, ғылыми семинарлар өткізуде да пайдаланылады.  

Ғылыми-зерттеу аясындағы интеграция өз нәтижелерін беруде. ҒЗИ-ның ғалымдары Университеттегі әр түрлі ғылыми форумдарға қатысуда, ҚазҰУ-нің магистранттары мен докторанттарына жетекшілік етуде және Университеттік Диссертациялық кеңестің мүшелері болып табылады. ҒЗИ-ның көрнекті ғалымдары ҚазҰУ-нің факультеттерінде жеке ғылыми семинарлар өткізуде (мысалы, ҚазҰУ-нің МехМат факультетінде академик Т.Ш. Кальменовтің ғылыми семинары).