Әкімшілік департаменті

Әкімшілік департаменті

Әкімшілік департаментінің директоры

Әубәкіров Әбілқайыр Әбләкімұлы

Tел.: +7(727) 377- 32-87 іш.:31-90; 13-90

ҚазҰУ сенім телефоны: +7(727) 377 34 00

Е-mail: Abilkair.Aubakirov@kaznu.kz

Әкімшілік департаменті әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылымдық бөлімі болып табылады. Департамент қызметін ҚазҰУ жарғысына сәйкес жүзеге асырады.

Департамент қызметінің негізгі міндеттері:

1.Бағдарламаларды, ректордың қойған талаптары мен тапсырмаларын іске асыруда ҚазҰУ департамент директорларының, бөлімдері мен бөлімшелерінің қызметін үйлестіру;

2.Ішкі нормативті актілердің Қазақстан Республикасы заңы талабына сәйкестігін қадағалау;

3.ҚазҰУ құрылымдық бөлімшелерінің қызметтерін реттемелеуші негізгі ішкі нормативті құжаттарды даярлау;

4.Сотта және басқа да құқық қорғау органдарында ҚазҰУ-дың құқықтық мүддесін қорғау, сот шешімдерінің орындалуын қадағалау;

5.Кадрлық саясаттың негізгі қағидаларын жүзеге асыру, құрылым мен қызметкерлердің қажетіліктерін анықтау, сапалы құрам мен кадрлардың қимыл-қозғалысына талдау жасау, қолайлы жағдай жасау мен біліктілікті арттыру жүйесін ұйымдастыру, атқарушылық талдау жасау және кадрлар еңбегін мөлшерлеу;

6.Еңбек деңгейі мен атқарушылық тәртіпті арттыруда шара қолдану, ҚазҰУ қызметкерлерінің кәсіптік және мансаптық өсу жағдайын жасау, ҚазҰУ-дың профессорлық-оқытушы, студенттік ұжымының әлеуметтік және құқықтық қорғалуының нәтижелі механизмін даярлау;

7.Бұйрық жобаларын, ректордың өкімдерін, бағдарламалар жобасын, тұжырымдар мен болжамдарды даярлауға, университеттің барлық құрылымдық бөлімшелерінен уақытылы алынған ақпараттардың негізінде осы құжаттарға сараптамалар мен өңдеулер жүргізуге қатысу;

8.Іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу, ҚазҰУ құрылымдық бөлімшелерінің құжаттарын сақтау;

9.Хаттамалық іс-шараларды жүзеге асыру, құжаттамаларды жүргізу, ректордың тапсыруымен берілген іс-шараларды дайындау және ұйымдастыру.